+2 дауыс
1.3k көрілді
Баламның жасы 14те, ол жалғыз. Үйден шықпай компьютерге тесіліп күні бойы отырады. Жазғы демалыста тіпті күнді қойып түнде де отырады, түнгі 2-3те әрең жатқызамыз. Ештеңеге көнбейді, біз ауылда турамыз, сондықтан далада тіршілік жетеді. Компьютерде негізінен аниме қарайды немесе ойын ойнайды. Интернеттен жаман нәрселерді қарағанын байқамадым.  Бір мезгіл көрші досы келсе, сонымен ойнайды, сөйлесіп үйде отырады, далаға шықпайды. Ол кетті болды қайтадан компьютерге кіріседі,  Не істерімді білмеймін. Қандай кеңес бересіздер?

12 жауап

+4 дауыс
Баланы жастан! деген дана сөз бар емес пе? Өз ұлыңызға қазірден сөзіңізді тыңдатып үйретіңіз! Ертең 17-18 жасқа келгенде вообще тыңдамай қоймасын, нағыз желіккен шақта! Енді қалай тәрбиелейтініңізді білмеймін, бірақ тыңдатуға болады. Немесе ауыл болса қой бақтырып жіберсеңіз боооолды))) кешке өзі ақ шаршап ұйықтап қалады!!!
+1 дауыс
Компьютерді кодқа койып тастаңыз.
0 дауыс
Балаңыз дәл мен сияқты екен. Сіз қой дегенмен балаңыз көне қоймайды сізге. Өйткені ол компьютерге кіріп кеткен. Оны компьютерден шығарудың бір әдісі ол: балаңыздың бетінен қақпау;қайта компьютерге отыра бер, бар отырсай деп балаңызға бір қағаз , документ жазғызып қойыңыз! Желаниесі қашып кетеді. Қарауға жиіркеніп кетеді!
хххх менің маманы әдісі ғо мынау))
+1 дауыс
Қой Компьютерді сатып жіберіңіз өзім сол Компьютердің кесірінен көп нәрседен айырылдым !!! Баланды қатаң тәрбилеңіз !! Бұлай Комьпютерге отырғыза бермеңіз!!!!  Баланың өзі ертең Жаман өкінетін болады   кейін сізге неге Маған Кішкентай кезімде Компьютер алып бердіңіз деп айтуы да мүмкін!!!
0 дауыс
Бәріңе көп рахмет! Жахар, дәл сен сияқты болса, сен қазір қандайсың? Бірақ  балам қағазды да жазбай қойды. компьюерді код тұрмақ, тығып тастағам, бәрін жасаймын, айтқан уақытта комп. тұрамын деп, көп болас екі күн сөзінде тұрар. Сонымен қайтадан басталады ғой!
Мен алдында осы жайлы өзім үшін сұрақ қойған болатынмын сіз балаңызға осы сұрағымды оқытыңыз https://surak.baribar.kz/296450/ ! Кейіннен түзелдім! Ұзақ қағаз жаздым, сабақ оқыдым,баскетбол ойнадым, емтиханға дайындалдым әйтеуір қойып кеттім. Баланың өзі ойлану керек өз болашағын . Мен қазіргі уақытта комппен жұмыс жасап отырып кіремін. Бір айтарым балаңызға дауыс көтеріп жүйкеңізді жұқартпаңыз! Компьютеріңізден балаңыздың немен айналысатынын қарап бағдарлаңыз! Мен де ауылда тұрамын!!!
Белгісіз
Айтпақшы сайт ережесінде өз сұрағыңызға өзіңіз жауап беруге болмайды! Пікір ретінде жазыңыз!
Белгісіз
0 дауыс
Баланы 18 жасқа толғанша вообще компьютерге отырғызбаңыз. Интернет баланың психикасын, мінез-құлқын өзгертеді.
менің мінезім өзгеріп кетті десеңізші ия  )))
менің мінезімді ешкім де өзгерте алмайды ))) мен жас бала емеспін ғой
компьютер психиканы өзгертеді деген рас әңгіме. Өзім 2 жыл интернетте отырамын жынды болып кете жаздағанмын. Қазір шүкір әйтеуір аманмын!
Белгісіз
аман бол айтеуір .... ))))
0 дауыс
Балаңыздың сыртта ойнайтын достары жоқ шығар , неге сіз сол жәйлі ойламадыңыз , сіз әке реттінде балаңызбен сырласып көрдіңізба ? бірінші балаңызбен сөйлесіп көріңіз неге далада ойнамайтыны жәйлі . комптағы видео картасын ең нашарына ауыстыра салыңыз ешқандай ойын ойналмай қалады. содан өзі жалығып отырғысыда келмейтін болады.
мен әкесі емеспін, анасымын. Қазіргі кезде балама достар да, ағайын туыстар да керек емес, соның бәрін комп алмастырып тұр. Ауланы сыпыру, огородты суғару міндеттері бар ғой, қазір қазірмен  тойдырады. Өзім ертіп бірге істетсем әрең істеген болып  құтылу үшін  тезірек бітіре салып, мен болдым деп компқа жабысады.
Не істесеңізде өзіңіз біліңіз , бірақ мен компқа отырғаныма қатты өкінемін .
+1 дауыс
интернетті өшіріп тастаңыз, ауылда не көп жұмыс көп қой, огородтың шөбін жұлсын, малдың боғын шығарсын, шомылуға жібер, көшеге жібер ағайындармен общас етсін
0 дауыс
менде дал солай болатынмын.менде 14 темин,компьютердин алдынан шыкпайтынмын!сосын маган акем мотоцикл,машина га жакын болгызды,ягни техника га...мен казыр мотоцикл айдап журген сон ба комп.ка коп отырмаймын!!
Мотоцикл ойда болған, кішірек кезінде великке де қызықпай қойды, көршінің балалары қызығын көрді. Дегенмен жақсы ой айттыныз, РАХМЕТ!
0 дауыс
компка пороль койып тастаныз ,,,, бір шнурын тыгып тастаныз     сойтіп 1-2 апта жүрсе өзі жалыгып кетеді
Айтуға оңай!
родительский контрольга койып тастаныз! коп кой компьютер сырлары!
балаңызға күнделікті жасайтын үйдегі шаруаларды міндет етіп жүктеп қойыңыз.Ауылдық жер болса, ондай шаруа көп қой! мысалы су тасу,мал суғару , шөп шабу,тіпті үй жинау сияқты айта берсе тооолып жатыр.Ауылдық жерлерде спорт жоқ екені рас, бірақ қазақша күрес барлық жерде бар сияқты еді.ауылыңыздан сұрастырып көріңіз.Балық аулауға барсын,я болмаса өзіңіз апарыңыз. Белгілі бір уақытты ғана компьютерге бөліңіз, . Мысалы, менің баламның мектебінде қазақ әдебиетінен, русская литетатура,ағылшын тілі сабақтарының мұғалімдері каникулдың уақтында міндетті түрде оқитын кітаптарының  тізімін береді.Жаңа оқу жылы басталғанда сол оқыған кітаптарын зачет сияқты өткізеді. Сіз де балаңызға сондай талап қойыңыз. Балаңыз сөзге түсінетін жаста екен ғой...
Пікіріңізге көп рақмет! Күнтәртібін балама түсіндіріп, белгілі бір уақытта ғана компьютерге отыратын болып келісеміз, бірақ...   Жазда метематика, орыс тілі, қазақ тілі пәндерінен қосымша сабақ оқитын болып та келіскенбіз, бірақ... Сіз мектепте істейсіз бе?
Родительский контрольге қалай қояды және ол нені бақылайды?
Мектепте жұмыс істемеймін, бірақ мұғалімдердің ортасынан шыққан адаммын. Өзімнің де баларымның бірі мектеп жасында.Жалпы баланы компьютерден аластау өте өте қиын шаруа. Бала тұрмақ өзіміз де кейде отырып аламыз. Сондықтан, "бірақ" дегенді қойып келіскен қосымша сабақтарына барсын! Сонда компьютерге тиым салудың да қажеті жоқ,оған уақыты аз болады. Тағы бір мәселе бүкіл талапты бірден енгізбей бір тіндеп енгізіңіз, мысалы алғашқыда бір сабақтан қосымшаға барсын, біраз уақыттан соң екінші сабағын қосыңыз...осылай ақырындап көбейте беріңіз. Балаға жекірмей, ұрыспай  дұрыс талап қойсаңыз болды.
–1 дауыс
мен баланызды жаксы түсінем оны бір зат жібермейді магнит сиякты не істесеніңде түк нәтиже бермеиді ол еді ешкашан жазылмайды оны психолокка апарыңыз бірак не үшін баланыз ком-тан түспейтінін айтпайм кешірініз сондай мінезім бар білгенім айтпайм мен жайлы дұрыс ата-анам да білмейді жандай құрбыларым да.
сен өзі не айтқаныңды түсіндің бе?
Қуып кеткен!!!
Белгісіз
0 дауыс
Ең дұрысы қатал болуыңыз қажет.
...