0 дауыс
2.3k көрілді
"Дүние-ау"
әні: Қапез Байғабылұлы

Жапалақ жалп етеді жар басында,
Немене жоқтың күні бар қасында.
Дос болып, қас қылғаннан сақта құдай,
Қасқыр да қас қылмайды, дүние-ау, жолдасына.

Ахоу! Ақтоғай, Кеңсу, Арал, Орта Меркі,
Айдында аққу жүзсе көлдің көркі.
Кейбіреу бүгін тату, ертең араз,
Берген соң бұзылмасын, дүние-ау, ердің серті.

Қасқыр да қас қылмайды-ау жолдасына,
Арамдық болмас егер өз басында,
Жер бетін топан басып, кетсін, мейлі,
Түбінде өзен ағар, дүние-ау, арнасына.

Осы әннің эстрадалық жанрдағы орындаушысын кім біледі, қайдан табуға болады?
http://el.kz/process/_el/rubric_audio/download?id=1021

1 жауап

+1 дауыс
Рамазан Стамғазиев http://el.kz/process/_el/rubric_audio/download?id=1021
Әрине, Рамазан Стамғазиев эстрадалық және дәстүрлі әнші болғанымен, бұл әнді ағамыз дәстүрлі бағытта орындаған. Алайда, эстрадалық сүймелдеуіндегі тағы бір нұсқасы бар, Қазақ радиосында бірнеше рет шырқалған болатын. Бір топ орындаған секілді. Мүмкін, естіген болар біреу.
...