0 дауыс
4.7k көрілді
Кант диабетинен калай емделсе болады. Сол кант диабетинен жазылган адам барма бар болса неден жазылганын жазынызшы

3 жауап

0 дауыс
Дене массасының индексін табу керек . Ол үшін кг-мен есептелген салмағыңызды бойыңыздың квадратына бөлсеңіз болғаны Мысалы, бойы 170 см, салмағы 100 кг адамның ДМИ 34-ке тең.  Ер адамда (ДМИ) 25-тен, әйел адамда 24 тен аспағаны абзал. Көміртегісі мол жеміс жидектерді (жүзім, інжір, банан,қауын құрма т.б.) мол пайдалану да осындай келеңсіздіктерге ұрандырады. Ақ нан,макарон өнімдерін барынша аз, ал қияр, қызанақ, баклажан, қарбыз, қырыққабат, редис, шалқан көкөністерін барынша мол жеуге тырысқан жөн. Бұршақ, фасоль, лобияда қан құрамындағы қанттың молаюына еш әсерін тигізбейді.Майлар А, Е, Д сияқты витаминдердің қоры. Олар адамға өте қажет.Майды сүт, ет өнімдері, өсімдік майы, маргарин, жаңғақтар арқылы алуға болады. Жануарлар майының да пайдасы бар, бірақ оны организмнің қортуы өте ауыр.Майдың өте көп болуы да зиян,оның қалыптан артық болуы организде инсулиннің бөлінуіне кедергі жасайды. Майды тәулігіне 30 грамнан артық пайдаланбаған дұрыс. Қантты диабетпен ауырған науқасқа берілетін ем-дәм құрамында майлар мен қарапайым көмірсулар мөлшері шектеледі, С және В тобы витаминдерінің мөлшері едәуір көбейтіледі. Тамақ ішу режімі күніне 5-6 рет, әр 3 сағат сайын аз-аздан, бөліп-бөліп тамақтану ұйқы безі мен инсулиннің организмде қалыпты жұмыс істеуіне жағдай жасайды.Сондай-ақ тамақты әрдайым  бір мезгілде жеуді де әдетке айналдырған жөн.Тұзға да абай болған дұрыс. Өйткені, оның молаюы организмде ылғалдың көбеюіне, артериальдық қысымның жоғарлауына соқтырады. Дұрыс тамақтану және режімді сақтау қантты диабетпен сырқат адамды емдеудің басты, негізгі түрі. Науқастың ғұмыр бойы ем-дәм тәртібін сақтауы шарт.Диетотерпияның қантты диабеттің жеңіл түрінде ғана емдік фактор бола алатындығын назарда ұстаған дұрыс. Ал, орташа және ауыр түрлерінде диетатерапия инсулинмен немесе кантты азайтатын пероральдық заттармен  емдеуге қосымша ретінде пайдаланылады. Қант диабетінің асқынған түрлері ауруды мүгедектікке әкеліп соқтырад ы. Диабетпен ауыратын толық адамдар алдымен артық салмақтан арылуы керек. Диабетшілер қант, кәмпит және басқа да тәтті тағамдарды ішпеулері қажет. Олардың ірі ұнтақты ұннан пісірілген нан, сондай-ақ крахмал қоспалы асбұршақ күріш, картоп және басқа да құрамында ақуыз бар тағамдармен тамақтанғаны жөн болады. Диабет ауруымен зардап шегетін ересек адамдардың алмұрт тектес тікенекті кактустың (нопал, опантиа) сөлін ішкені дұрыс. Бұл үшін кактусты ұсақтап турап, езіп, сөлін сығып алып, күніге тамақ алдында үш рет 1,5 кеседен қабылдау қажет. Тіс қызыл етін, таңдай қуысын инфекциядан сақтау үшін тісті тамақтан соң жуып тазалаған дұрыс болады. Аяқты дәйім таза ұстау қажет, жаралап, қажатып алмас үшін өзіңізге ыңғайлы да шақ аяқ киім кигеніңіз жөн. Аяқ қан тамырлары қызметін жақсартып, қан айналысын ретке келтіру үшін (аяқта қара дақтар болып, немесе ұйыған жағдайда) демалған кезде аяқты жоғары көтеріп қойып жату керек. Аяқ көктамырлары кеңейгенде (варикозное расширение вен) де осы ақыл-кеңеске ден қойған абзал. https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%BD%D1%82_%D0%B4%D0%B8%D0%B0%D0%B1%D0%B5%D1%82%D1%96, http://www.altynsarin.ru/articles/1009-1178ant-diabetini1187-aldyn-alu-sharalyry.html
Қайталанған сұрақ. https://surak.baribar.kz/82768/
Белгісіз
0 дауыс
Қант диабеті смертельный приговор емес, инсулинозависемый / инсулино независимый деген дәрежелері болады, инсулинге тәуелді болмаса кәдімгі адамдардай ұзақ уақыт өмір сүруге болады. Инсулин салдырып та көп өмір сүргендер бар. Қант диабетінде ең маңыздысы КҮТІМ! Ауру ең алдымен өз өзіне жаны ашып өте мұқият күтіну керек, не жеуге болады, не жеуге болмайды, қанша мөлшерде жеу керек, қай кезде жеу керек, не кию керек барлығын барлығын строго саблюдать етсе ештене де болмайды. Диспансерлік учетқа тіркеліп уақытылы тексеріліп тұру керек, ал мүлдем жазылып кетті дегенді естімеппін.
+1 дауыс
Мүлдем жазылу деген болмайды. Тек қана қандағы қант мөлшерін қадағалап отыру керек. Бірақ та АЛОЭ ВЕРА ФОРЕВЕР өнімдерін пайдаланып ЕМДЕЛІП КЕТІПТІ деп естігенім бар . Әрине 3айдан 6айға дейін ұзақ емделу керек.Бұл аралықта қант төмендететін дәрілерді сразу тоқтатуға да болмайды. Бұл реклама жасап жатқаным емес , естігенім
...