+2 дауыс
760 көрілді
Осы жылғы қысқы трансфер қашан басталады????

2 жауап

+4 дауыс

Желтоқсан айынан басталып, қаңтар айына дейін созылады.

+1 дауыс

Міне қысқы трансферде жақындап қалды. Командалар қызу дайындық үстенде. Олай болса қысқы трансфер маусымының алдында шыққан біраз жаңалықтардың басын қайырсақ. 

Манкуниандық «МЮ» бразилиялық «Крузейро» командасының шабуылдаушы жартыла йқорғаушысы Эвертон Ребейроға қызығушылық танытуда. «Қызыл сойқандар» 24-жасар Ребейроға 8 млн. еуро ұсынбақшы.

Француздық «Осер» клубының жас таланты Поль-Норж НтепкеАнглия клубтары таласуда. 21-жасар қара маржанға «Арсенал», «Тоттенхэм» секілді командалар ұсыныс жасамақшы. Трансфер құны 10-15 млн. еуро. Нтеп осы маусымда 15 ойынға қатысып, 7 гол салған.

Хорватиялық «Осиека» командасының 17-жасар Карло Лулич карьерасын «Ливерпуль» сапында жалғастыру мүмкін. Ағылшындық клубтың агенттері бұл ойыншыны «Энфилд» төріне алып келмей тынбайтын секілді. Тағы да бұл жас вундеркиндке римдік «Лацио» көз қырын салып жүр.

Миландық «Интер» жақында жұлдызды трансфер жасамақшы. Көптен бері «Портудың» шабуылшысы Джексон Мартинеске  қызығушылық танытып жүрген миландық клуб көздеген мақсатына жетпей қоймайтын секілді. «Интер» Мартинеске 40 млн. еуро дайындап отыр.

Дортмундық «Боруссия» өзіне орталық жартылайқорғаушы іздеп жүр. Италиялық «Верона» командасының Маттео Бьянкетти және де румыниялық «Стяуа» клубының Флорин Гардос секілді жас плеймикерлермен дортмундық клуб келіссөздер жүргізбекші.

«Манчестер Сити» командасы «Реал» командасының қақпашысы Икер Касильясқа қызығушылық танытып отыр.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
5 жауап
+1 дауыс
2 жауап
+2 дауыс
7 жауап
...