–1 дауыс
10.8k көрілді
"Бақыт құсы деген не?" ертегісін тауып бере аласыздарма? Балабақша жұмыстарына қажет еді. Рахмет!

2 жауап

0 дауыс
Балабақша болса www.45minut.kz сайтынан іздеп көріңіз.
+2 дауыс

Бақыт құсы

Ертеде бір кедей бала қой бағып жүріп, жерде жатқан қанаты сынған балапанды көреді. Оны сол бойда алақанына салып, үйіне алып келеді. Әке-шешесіне, інісіне көрсетіп, шағын ұя жасап, бағады. Әкесінің көмегімен қанатын емдеп, жазады. Балапанға өздері сауып отырған жалғыз сиырының сүтін беріп асырайды.

Бала қой бағуға кеткенде тентек інісі балапанды қызық көріп, ұядан шығарып алып, ұрып-соғып, қинайды екен. Соған шыдамаған балапан өскеннен кейін ренжіп, бір жаққа ұшып кетеді. Бала жылап, оны қанша іздесе де, еш жерден таба алмайды. Сол құс ұшып кеткелі інісі қатты ауырып, малдары өліп, үй іші көп қиындық көреді.

Бір күні бала осы қиындыққа шыдай алмай, далада жылап отырса, қасына бір құс келіпқоныпты. Ол баланы жұбатқандай болып, айналшықтап, шықылықтай береді. Анықтап қараса, баяғы өзінің балапаны сияқты, тек аздап өсіп кеткен. Бала қатты қуанып:

- Енді сені ешкімге жәбірлетпеймін, - деп, үйіне алып келеді.

Содан бері бұл үйге үлкен қуаныш келіп, інісі ауруынан жазылып, малдары көбейіп, бақытты өмір сүріпті.
Бұл – бақыт құсы еді...



Бақыт құсы

Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні келтеде, байлар киіп қырмызы, жарлының тоны келтеде, жердің үстінде, аспанның астында әлемді таң еткен Келтең деген бір сараң бай болыпты. Бірнеше малшылары, құлдары болыпты. Сол көп малшылардың бірі Қазанқап деген қозышысы бар екен. Қазанқап бір күні ұйықтап жатып түс көреді. Түсінде басынан күн, аяғынан ай туып, қасында екі қозы қошқар соғысып жатыр екен. Қазанқап «екі қошқарды айырайын, әйтпесе сүзісе-сүзісе бастары жарылар да бай маған ұрысар» деген оймен айғайлап тұра жүгіремін дегенде, өз даусынан өзі шошып оянып кетеді. Оянса, түн әлі қараңғы. Қозылар қотанда тып-тыныш жатыр. Ол аң-таң болып біраз отырды да, ертеңіне байдың баласы Асаубайға түсін жорытпақ болады. Таң атып, ел тұрады. Қазанқап Асаубайға түсін айтады. Асаубай қызыға тыңдап тұрады да:
- Маған осы түсіңді сат. Төрт түлік малдан қанша алсаң да берейін, - дейді. Қазанқап: «Мүмкін, сатсам сатармын, жауабын үш күннен соң берермін», - деп қозысын айдап кете береді. Қазанқап далаға барып әрі ойлайды, бері ойлайды. «Тегі бұл түсім жақсы түс болар. Сараң байдың баласы маған мал да бермес, алдар, немесе сатпадың деп сабар, асылы мен қашып кетейін де, алдымнан бақыт іздейін», - деп қозыны тастап, құла дүз далаға қашып кетеді. Жүре-жүре күн батып, түн болады. Таң атып, күн болады. Бір күні шаршап кешке қарай бір шоқ терекке жетеді де, демалып тәтті ұйқыға кетеді. Бұл маңда Таусоғар деген хан болады екен. Ханның екі әйелі болады, екі әйелінен екі қызы болады. Бірінің аты Гүләйім, екіншісінің аты Гүлмаһира екен. Бұл екі қыз әрі құрдас, әрі тату екен. Екеуі де ақылды. Әсіресе Гүлмаһира жын-перінің тілін біледі екен. Екі қыз бір жүреді, бір тұрады, бірге сырласады. Сүйтіп жүріп, екеуі өмірі айрылмасқа, тіпті екеуі сүйген бір адамға, барып, тату-тәтті өмір сүруге уәделеседі. Күн артынан күн, ай артынан ай, жыл артынан жыл өтеді. Екі қыз өсіп, бойжетеді. Таусоғар хан екі қызын екі байдың мырзасына бермек болып құда түседі. Бірнеше күн той-топыр жасап көп мал, дүние шашылады. Құдаларымен сөйлесіп, келесі жылы осы уақытқа той жасап, екі қызын бір күнде ұзатуға уәде жасап тарқасады. Қыздар бұл байлардың балаларын сүймейді, өздерінің уәдесінде болады. Елде өздері сүйіп, сөйлесіп жүрген Сағит деген бір жігітті сырттай жаратып жүреді. Сағит қуана құптайды. Үшеуі қашпақ болады. Әуелі Гүләйім мен Сағит қашып кетпек болады, олар орныққасын Гүлмаһира бармақ болады. Сонымен Сағитқа бүгін түнде ауылдың шығыс жағындағы шоқ теректе күт дейді. Гүләйім қос атпен өзі барып, сол жерден әрі жүріп кетуге сөз байласады. Сағит асыға жолға шығады. Түн көзге түртсе көргісіз қараңғы. Ол жүре-жүре адасады. Ақыры жүріп келіп кездескен бір шоқ терекке жата кетеді. Гүләйім өзі ерлерше киінеді. Қалған киімдерін қоржынға салады. Азык, жол қаржылық алтын, Сағитқа киім алады. Садақ, қылыш, найза сияқты қаруларды да алады, түн ішінде бір атты мініп, бір атты жетектеп жүріп кетеді. Шоқ терекке келеді. Келсе, түбінде біреу ұйықтап жатыр. жалғасы
 

Рахмет! Мен іздеген ертегінің мазмұнымен сәйкес емес екен бірақ.
...