+1 дауыс
8.8k көрілді
Мысалы, екеу ара адам арасында кикілжің туындады, соны ойлай берсең, түңіле бересің, қалай мына дүниені ұмытып бақытты болуға болады?

2 жауап

+1 дауыс
Мүмкiн бақыт ғашық жанның көзiнде, Мүмкiн бақыт МҰСҰЛМАННЫҢ жұзінде. Мен бiлетiн бiр бақыт бар өзгеше ол бiр бақыт ЖАЙНАМАЗДЫҢ үстiнде-демекші әр бір адамның ең бақытты кезі жайнамаздың үстінде жаратушыға құлшылық жасап жатқан кезі болар ЖӘСИ ханым.
дұрыс ғой, бірақ менің сұрағымды түсінбеген секілдісіз, Бақытжан мырза!
Сіздің айтқаныңызды түсіндім. Ол үшін достарыңызбен көңіл қотеріп, ойнап күліп қызықты жүрсеңіз ұмытасыз. Достарыныздың көп көмегі тиеді.
+2 дауыс
Алдымен бақытты болу деген не? Соған жауап беріп көрсем.
 Шынайы бақыт жабырқаумен қайғы-қасіреттің болмауында емес, қуаныш пен қанағатты сезініп, өмірге риза болуында.
 Бірде қарт кісі ашулы, бақыттысызбын деп жабырқаулы отырған жігітке былай дейді: "Сенің ойынша дүниеде өзін аса бақытты санайтындар кімдер? Олар әрине өзінің кесесін(стакан) жартылай толы деп есептейтіндер. Олай болса мен саған бақытты болудың сырын түсіндіріп көрейін"-деген екен қария.
1 ) Бақыттың бірінші сыры- өмірге деген қатынас. Осы бөлменің ішін қарап шықшы және қандай қоңыр түсті заттарды көрдің депті.
Жігіт қоңыр түсті заттардың бәрін атап шығады: еден, сурет рамкалары, ілгіш, кітаптар деген кезде қария, ал енді көзіңді жұм, жігіт көзін жұмады. Енді маған көк түсті заттарды атап шықшы жаңа қоңыр түсті заттарды көрген кезде қандай көк түсті заттарды көре алдың дегенде, жігіт күлімсіреп көк түсті нәрсені байқамадым тек қоңыр түсті нәрселерді іздеген болатынмын деген екен. Сонда қария бұл бөлмеде көк түсті заттар көп екенің атап шығады көзіңді ашып қарашы шыныменде көк түсті заттарда көп болатын.
Жігіт бұл айлаңыз болар мен көк түсті емес қоңыр түсті іздеген болатынмын дейді, сонда қария дәл осыны менде көрсеткім келген, сен көк түсті мүлдем елемедің, тек қоңыр түсті іздедің және таптың. Өмірде де осылай болып жатыр, сен жаманды іздейсін және табасын, жақсыны мүлдем елемейсің. Біз өмір сүруге жиі кедергі болатын жамандықты байқаймыз және осыған ерекше көңіл аударамыз, керсінше өмірде жақсылықты, өмірдің жарық жақтарын іздеп, осыған өз мақсаттарымызды қоюмыз керек егер мен жақсы нәтижеге үміттенсем, көбінде мен соған жетемін, бақыт – мен үшін кез келген сәтте және кез келген жерде жасай алатын таңдау. Осыған ақыл парасатым қаншалықты икемделген болса, мен соншалықты бақыттымын, ақыл- парасатымды бақытты сезінуге икемдеуді мен осы сәттен бастаймын.
Біз өмірде шын мәнінде жамандыққа дайындалып, жақсылықты күтеміз, бірақ бір нәрсеге дайындалып екінші нәрсені болады деу қате. Сен жамандыққа дайындалсаң тек қана жамандық күтесің, сондықтан жақсылыққа дайындалып жақсылық күткен жөн.
Жігіт ол қалай неге? деген сұрақ қояды.
-өйткені, егер сен жамандықты күтсең, әр дайым кездессесің және керсінше, жамандықты күту пайдасына деген сенім біздің өмірде болып жатқан бар жақсылықты ұмытып кетуге мәжбүр етеді. Мен осы минуттан бастап. Барлық нәрседен және әр қайсысынан бір жағымды нәрсе іздейтін боламын. Адамда бұл өмірге деген ризашылық болса өзін бақытты сезінеді.
СОНДА ЖІГІТ АЛ БҰЛ ӨМІРГЕ ЕШҚАНДАЙ РИЗА БОЛАТЫН НӘРСЕ БОЛМАСА ШЕ?- деп сұрайды.
Қария қастары көтеріп жігітке қарап:
-бірнеше жыл бұрын өлім аузында жатқан досыма кіріп шықтым. Ол мүлдем жабырқаңғы көрінген жоқ, қайта сабырлы және тіпті қуанышты болды .‹‹ мен осы таңмен ояндым, демек мен бүгін тірімін ›› деді менің досым… Бізде әр қашан өмірде қуануға себеп бар.
рахмет, жақсы жазылған, ерінбестігіңе тәнтіміз.))
Бакытты болу ушин максатка берик болу керек,.Оз омиринин биігіне шыккандай толасссыз арпалыста болса натиже шыгады.Мен бакыттты болу ушин максатка умтылам.Казирде бакытка талпынбасан бос киялга сенип кереги жок.Бакытты болуым ушин тобеден карап томенге сойлегим келеді.Мен бир жигитти катты суйгем, бирак баста мени елегісі келмеді.Менде жалынгам жок.Максатым жолында енбектенип алемддік дарежеде талай алтын жулде канжыгама кыстым.менде танымалдылык пайда бола бастады.Теледидардан коринип, кишигирим фонаттарым артты.Жыл сайын кем дегенде 3 мемлекеттке барып багымды сынап, топка тусем.Ол жакта да менин жанкуйерлерим баршылык.Кейн мен суйген жигит менин жолыымда пайда болып, сезімі ушін бираз арпалысты.Мен жендим!!!Мен ушин бакыт деген калаган нарсене кол жеткизип, мойындату гана.
...