Уреплазма деген жныстық қатынас арқылы таралатын аурудың қоздырғышы.Егер осы қоздырғыш сенің өткізген сараптамаңнан табылса, онда сенің уреплазмоз ауруымен ауыратыныңның айғағы. Шыныменде уреплазмадан құтылғың келсе, онда дерматовенеролог дәрігерге анализдеріңді көрсетіп , жыныстық қатынаста болып жұрген қосағыңмен бірге ем алғаның өте дұрыс болады.. Негізінен уреплазмозды көп антибиотиктердің көмегімен емдеуге болады. Созылмалы түріне өтіп кеткен уреплазмоздың қоздырғышын бірінші қандай антибиотик қыра алады соны анықтаған соң дәрігер нұсқау рецепт жазып береді. Қазіргі кезде дәрігерлер доксициклинді тағайындап жатады. Бірақ сенің жазғаныңа карасам, созылмалы, болып құтыла алмай жүрген сияқтысың, немесе қосағыңды емтетпей, қайталап жұқтырып жүрген боларсың. Доксициклин көмектеспеуі де мүмкін Сондықтан шыныменде аурудан айыққың келсе, қосағыңмен бірге мамандарға барып ем алғаның ең дұрыс шешім!