0 дауыс
635 көрілді
Ауыл тұрғындары жөнделмеген жолдың зардабын тартып жүр.

6 жауап

–1 дауыс
Ешқашанда. Біздің мемлекет басында мынандай арамтамақтар отқанда істелмейді. Қалай ойлайсың олар өздеріне бұйырып тұрған ақшаны "мә, ала ғой" деп ауылдарға бере сала ма? Одан да сол ақшаға Турцяиға барғаным артық дейді. Бәрібір шенеуніктер жемесе де одан төменгілер бар ғой. Арнайы қадағалайтын адамдар болмаса миллиардтап ақша шашса да жол салынбайды.

Саған бір жақсы амал бар. Мақал жаз да "Жас Алаш" пен "Егемен Қазақстан" сияқты іргелі газеттерге жібер. Мүмкін, ұяты бар адамдар қалған шығар, ә?)
–1 дауыс
Қаланың жолын қатырып алсын  ауыл аймаққа баратын жолды айта алмаймын, бірақ салған күнің өзінде де сапасы өте нашар болады ай бірақ халық айтты екен деп түзеліп жатқан еш лауазымды адам жоқ қой((((
0 дауыс

Ауыл халқының тұрмыс тіршілігіне бас ауыртып отырған еш шененік жоқ! Олар мемлекет ауылға бөлген бюджетті қалтаға салып алып ел аралап қыдырып жүргенді біледі! Ауылға жол салынады бір айға жетер жетпес уақытта жол тағы бұзылады! Жоғарғы жақтағы аға әпкелеріміз сірә ауылдан шыққандарын ұмытқан болу керек! Бұл мәселені газетке салсанда қаралмайды! 

0 дауыс

Түу, не деген пессимизм! Ауылдық округ әкімдеріне өзін - өзі қаржыландыру мүмкіндіктері беріліп жатыр, демек ол мемлекетке ауыз аша бермей ауылдық әкімдер қимылдасын деген сөз. Ауыл әкімі іскер болса бәрі жөнделеді, әрі ауыл әкімі жоғарыдағы қол жетпейтін шенеунік емес, Турцияға демалысқа кетіп бара жатса ұстап ала аласыңдар)

0 дауыс
Мүмкін аудан жоспарында бар шығар, алдағы 2-3 жылда. Біздің ауылдың да жолы жаман болатын шұрық шұрық тесік, 2-3 жыл бұрын жолымыз жөнделді ауылдың.
0 дауыс
Қыста боран, дауылда,

Жол жоқ біздің ауылда.

Көктемде батпақ сай-сала,

Қиын болды қауымға.
...