Монография деген не?

0 дауыс
5.8k қаралым
Монография деген не?Ол қандай денсаулыққа қатысты нәрсе, оны қалай пайдаланады немесе қалай, адамның қай дене органын қарайды яки өтеді?Еш жерден таба алмағасын,түсінбегесін жазып отырмын,алдын-ала жауаптарыңызға алғыс!(санатты дұрыс таңдаған шығармын деп ойлаймын)
Денсаулық

2 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап
Монография (грекше monos – біртұтас, grapho– жазу) – белгілі бір тақырыпты жан-жақты зерттейтін ғылыми еңбек. Онда нақты сала бойынша күрделі мәселе мақсатты түрде сөз етіліп, оның дамуына ықпал ететін ой-пікірлер айтылады. Монографияны жеке қаламгер шығармашылығына немесе жалпы ауқымды мәселеге арнап бір кейде бірнеше зерттеуші бірігіп жазуы мүмкін. Монографиялық еңбек библиография көрсеткіштермен, жылнамалық тізім, ескертпе-түсініктермен толықтырылады. Мұндай еңбектерде бірнеше мәселе қамтылып, тақырып әр қырынан баяндалады. http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%BE%D0%BD%D0%BE%D0%B3%D1%80%D0%B0%D1%84%D0%B8%D1%8F?seg=1 ақпарат осы сілтемеден алынды.
0 дауыс
Санатты дұрыс таңдамадың. Монография деген жеке адамның жазған ғылыми еңбегі. Сен бір ғылыми саланы таңдап сол туралы зерттеу жүргізіп, өз еңбегіңді жарыққа шығарсаң  ол сенің МОНОГРАФИЯң болып табылады
127,680 сұрақ
322,222 жауап
153,247 пікір
72,704 қолданушы