+2 дауыс
841 көрілді
Жануарлардың қайсысы ақылдырақ? Қалай ойлайсыз?

7 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Дельфин. Теңізшілерге жолбасшы, егер арасындағы біреуі дем ала алмай қалса екеуі екі  жағынан сүйеп ауаға шығарады. Адамдарға жол көрсетеді, бір бірлерімен сигнал беру арқылы тілдеседі, қолға үйретуге болады, ешқандай зияны жоқ адамға.
+2 дауыс
аттында акылы коп жане иттеде.
Атты айтуға болады, бірақ иттер жайлы олай айта алмаймын. Үйретілген, арнайы иттер болмаса.
+2 дауыс
Мүмкін маймыл болар?...

Немесе түлкі. Түлкіде қу емес пе?!

Мына сілтемеден көр:

https://surak.baribar.kz/18032/
Маймыл тек пішіні адамға қатты ұқсайды және адамның ата тегі деп саналады. Ақылы жағынан дельфинге жетпейді.
Ал, мақұл!
https://surak.baribar.kz/18032/ Ақжол осы сілтемедегі сұраққа жауап жазбай қойған едім, дұрыс қойылмаған сұрақ, ол кезде өшіріп тастайтын мүмкіндігім болмаған еді))))
ӘӘӘӘӘӘ........)))
+1 дауыс
ғалымдардың зерттеуі бойынша маймыл)
+1 дауыс
негізі сиыр ғой,бір жерден оқыдым.Біздін үйдегі сиыр өзі есікті ашып жем тұратын жерге кіріп жемін жеп қорасына кіріп жатады.
Сиыр ең момын және ең пайдалы дейміз. Бірақ жылқы мен дельфиннен қалатын шығар IQ көрсеткіші))))
+2 дауыс
Меніңше ең ақылды жануар жылқы деп ойлаймын.

1. Жылқы таза астау болмаса су ішпейді.

2. Өз үйірінен( демек өз қызын) шыққан байталды үйірге алмайды.

3.Ер салынған,арбаға жегілген биелерді тазалап жуындырмасаң үйіріне алмайды.

4.Өз үйірін қасқырға алдырмайды.

5. Жаугершілікте иесі жараланып аттан құлағанда тастап кетпеген жылқалар туралы әңгімелер көп,бірақ енді бұл аңыз болар.
Жөнге келеді. Жылқының  етіне құрт түспейді, киелі жануар, еті, қымыраны пайдалы. Гиннес рекордына енген. Жағалауда байланып тұрған жылқы жас нәрестенің суға ағып бара жатқанын көріп секіріп шығып құтқарып қалған. Гиннеске маймыл, ит сияқты жануарлар да кірген.
Ең ақылды жануарлардың бірі жылқы екендігінде дау жоқ.Бір мысал келтіре кетейін,сонау 1950-1960ж.ж. шамасында тың игеріліп жатқан солтүстік аудандардың бірінде 6-жасар бүлдіршін жоғалып кетеді.Қыстың күні, сұмдық аязды уақыт болса керек.Бүкіл ауыл, тайлы-таяғы қалмай іздесе де таба алмай,салдары суға кетіп қайтып келе жатқанда айдалада топтасып тұрған бір үйір жылқыны көреді.Әдетте шашырай жайылатын мал тұқымының топтаса қалуына таңырқаған адамдар солай қарай беттейді.Келіп қараса,мынаны қараңыз екі күн бойына іздеп таба алмай жүрген бұлдіршін топ жылқының ортасында жатыр дейді.Адамдар жапа тармағай қараса әлі жаны кеудесінде,бірақ екі күнде әбден әлсіреген.Сонда ғана адамдар айдалаға адасып шығып кеткен баланы жылқылардың кезек-кезек демімен жылытып отырып ,үсіктен аман алып қалғанын түсініп, жылқы малының ақылдылығына, қасиеттілігіне тәнті болған екен.
Әй, осы сен Президентскийде оқисың ба?))) Тым көп білесің ғой? IQ көрсеткішің қанша?)))))))
+1 дауыс
Ең ақылдысы ПІЛ, жады күшті ештеңені ұмытпайды!!!!!!!
Тағы қандай артықшылықтары бар?
...