+2 дауыс
Инь яньнің негізгі мағынасы қандай? Толық әрі нақты жауап күтемін.

image
17.09.2013 5.8k қаралым

2 жауап

0 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Әдетте бұл символ бүкіл әлемдегі қарама-қайшылық болып саналады. Мысалы, жақсылық пен жамандық, әйел мен еркек, күн мен түн, аспан мен жер, бар мен жоқ, ақ пен қара т.б. Ал көне қытай мифологиясында әйел(инь) мен еркектің(янь) қатынасы мен дамуы. Ондағы қара түс-әйел, ағы-еркек. Ал ақ фондағы қара точка мен қара фондағы ақ точка болса, ұрықпа сондай бірдеңе.

Ал массагет сайтында былай түсіндірген:

Инь-ян – шығыс халықтарында кеңінен танылған, үйлесімділік нышаны. Ежелгі қытай медицинасы мен филоофиясы бойынша, белсенді Инь және Ян - әлемнің бастауында тұрған мәндер. Инь және Ян қағидалары аспан мен жер, ұрғашы мен еркек арасындағы қатынастармен тығыз байланысты әрі олардың дамуын нұсқайды. Белсенділік көбіне жігерлі Янға тән болады да, сабырлы Инь енжарлық танытып отырады. Демек, таңбаның мағынасы - бірлік пен қарама-қайшылықтар үшін күрес дегенді білдіреді және осы философиялық ойды бүгінде әлем мойындап отыр.
17.09.2013
0 дауыс
Ақ пен қара - жақсылық пен жамандықтың күресі, яғни өмірде олар әрқашан қатар жүреді және үнемі өз мақсаттары үшін күреседі. Өмірде олар әрқашан бір бірінен асып басымдылық көрсете отырады.
17.09.2013
127,959Сұрақ
322,889Жауап
153,169Пікір
73,006Қолданушы