+3 дауыс
2.0k көрілді

Қазіргі уақытта Оқушылардың мұғалімге бағынбай кетуінің сыры неде? Мен байқап қалдым, өткен жылы мектепте практикада болып едік. мұғалімді тыңдай бермейтін сияқты. Тек қорыққанды сыйлайтын болып кеткен секілді. Бұл өтірік емес. Неге бұлай болып жатыр?

6 жауап

+4 дауыс
Оның себебі мынау: қазір буын өкілдері сыйластық дегенді ұмытқан. Ар-намыстарын аяқтарына таптап жүр. Сол істегендерін абырой санайды өздерінше. Бірақ күндердің бір күнінде сол істерінен әлі-ақ өкініп, жерге кіреді.
+4 дауыс

Өйткені қазір барлық жерде құқық тең ғой,яғни заң сақталады.Ал сол заңға арқа сүйейтін бала не қаласа соны орындайды,ал мұғалімге ұрсуға,ұруға тиым салынған,себебі заң солай.Мысалы өзінің іс-әрекетімен ісі жоқ бала апай ұрысса былай дейді айқайламашы,айқайлауға құқың жоқ дейді,осы сөзден кейін ұруға да мұғалім жұмыстанбайды.Себебі заң солай,оны бұзса жұмыссыз қалады))).Оның үстіне ата-ана да баласының тәртібімен хабары жоқ,үйде отырып алып саусағының ұшын тигізуші болмасын,сотқа берем деп қиқар балаға дем береді.Ал бұрын қалай еді,еті сенікі,сүйегі менікі деген әкелері.

+1 дауыс
онын ешкандай сыры жок онын бари казирги ата аналардын тарбиесине кеп тиреледи себеби ата аналары мугалимнин айтканын тында дейтин ата аналар кемде кем. бурынгы кездери окушылар ата аналарына апай урды десе баласын урсатын болган "сен киналисин озин бирдеме булдиргенсин" деген сиякты ал казир ондаи емес апай урды десе баласынан ман жайды сурамай баласымен ере мере сол апай мен урсы соттасуга шейн барады содан сон деп ойлайм.
0 дауыс
Оқушылардың мұғалімге бағынбай кетуі - ата-ананың тәрбиесінен, қоршаған қоғам әсерінен және заманға байланысты деп жатамыз... Дегенмен, барлығы көбінесе оқушының өзіне, ақыл-парасаттылығына, рухани адамгершілік қасиеттеріне келіп тірелетін секілді.
+1 дауыс
Біздің елімізде оқушы болмаған адам жоқ.. Барлығымыз да мектеп табалдырығын аттап, орта білім алдық. Осындай сұрақтар қойылған кезде әрқайсымызға бір  кездегі оқытқан ұстаздарымызды есімізге түседі.Бірақ, ұзтаздардың ішінде барлық оқушылар жақсы көріп силайтын, құрметтейтін және бәріне ұнамайтын , әйтеуір 45-минутын өткізіп жұрген ұсқынсыздары да болды. Қазіргі заманда мұғалімдерді оқушылардың жаппай адамқұрлы көрмеуі жиі кездеседі.Меніңше оған басты себеп мұғалімдерді дайындауда әсіресе, осы заманғы балалардың психоллгиясын оқытуда кемістіктер бар, және мұғалімдікке көбіне ЕНТ- дан аз балл алып,әйтеуір бір жоғағы білім болсын деген ниетпен диплом иесі болғандар ұстазсымақтар қаптап кеткендіктен деп түсінемін.
Сенің пікіріңе қосыла алмаймын. Мұғалімдерді "ұсқынсыз" деп қатты айтудың қажеті жоқ. Бұл пікірді өзіңнің балаңа айтатын болсаң, ол балаң қандай мұғалім болса да сыйлай алатынына күмәнім бар. Ұсқынсыз мұғалім болмайды. Және де білімсіз адам мұғалім бола алмайды. Ондай адам ары кетсе 2 жыл жұмыс істер, одан кейін өзі -ақ жұмысын тастап кетеді. Мұғалім болу үшін шыдам,сабыр керек. 45 минутын өткізіп жүретін мұғалімдер бар дейсің, мен керісінше сол мұғалімге риза боламын. Неге? Себебі, қазіргі кезде оқушының оқуы тек мұғалімге ғана керек сияқты, тек мұғалім үшін оқитын сияқты. Сол оқу баланың болашағы үшін керек екенін ата-ана неге түсінбейді. Ата-ана, оқушы түсінбеген соң, мұғалім де оқушыға "оқы" деуден жалығады. Аяғы сондай мұғалім болуына тура келеді. Дұрыс. Оқушы өзі үшін оқып, талпынуы керек. Мұғалім бағыт беруші, арғысы оқушының, ата-ананың талабына байланысты.
"Менің пікіріме қосыл" деп ешкімді мәжбүрлемеймін.Бірақ мен өмірде болып жатқан өзім көріп ,куәсі болып жүрген  мәселені сөз еттім.Нағыз мұғалім ұстаз болу үшін тек өз пәнін ғана жақсы білу жеткіліксіз ,бұдан басқа оқушылардың жас ерекшелігіне қарай,яғни баланың жасына қарай психологиясын да өте жетік меңгеруі керек.Педагогика деген өте күрделі ілім.оны меңгеру бәрінің қолынан келмейді.Менің айтқаным , ұстаз болуға лайық емес адамдар осы салада жүр. Сондықтан мұғалімнің  беделі түсіп кетті.Нағыз мұғалім балаға "оқы" дегенннен ешқашан жалықпайды.Қазіргі оқушылар қайта "білсем екен, үйренсем екен" деп құлшынып тұр.Ата аналар да баласының білімді болғанын қалайды . баласы кей сабақтан түсінбей қиналып  жатса репетитор жалдап, шетел тілінің курстарына беріп, жүгіріп жүреді.Мен оқыған кеңес заманында балаға  репетитор жалдап оқыту деген жоқтың қасы еді. Сабағына улгерімі төмен баланы мұғалім алып қалып жеке түсіндіріп, үйретіп көмектесетін. Қазір бір де бір мұғалім олай жасамайды,себебі артық еңбек еткісі келмейді,жаны ашымайды,баланың болашағын ойламайды.Оқушы ол кәммелетке толған жоғарғы оқу орнының студенті емес . студентке лекция оқып, бағыт бағдар берсе,әрі қарай өзі ізденіп білімін тереңдетуге міндеті Ал мектеп оқушысы  ол әлі тұлға болып қалыптаспаған жас өскіншек,сондықтан мектеп мұғалімі әр балаға дұрыс талап қойып, білімге құлшындыра білуі керек,қызықтыра білуі керек.
0 дауыс

Оқушының ең бірінші ұстаздары - үйіндегі ата-анасы деп мектеп қабырғасында ілініп тұрушы еді. Бұның бірінші себебі, үйдегі тәрбиенің әлсіздігінен, екінші себебі мұғалімнің өз мамандығы бойынша тәжірибесі мен кәсібилігінің аздығынан.

...