"Менің пікіріме қосыл" деп ешкімді мәжбүрлемеймін.Бірақ мен өмірде болып жатқан өзім көріп ,куәсі болып жүрген мәселені сөз еттім.Нағыз мұғалім ұстаз болу үшін тек өз пәнін ғана жақсы білу жеткіліксіз ,бұдан басқа оқушылардың жас ерекшелігіне қарай,яғни баланың жасына қарай психологиясын да өте жетік меңгеруі керек.Педагогика деген өте күрделі ілім.оны меңгеру бәрінің қолынан келмейді.Менің айтқаным , ұстаз болуға лайық емес адамдар осы салада жүр. Сондықтан мұғалімнің беделі түсіп кетті.Нағыз мұғалім балаға "оқы" дегенннен ешқашан жалықпайды.Қазіргі оқушылар қайта "білсем екен, үйренсем екен" деп құлшынып тұр.Ата аналар да баласының білімді болғанын қалайды . баласы кей сабақтан түсінбей қиналып жатса репетитор жалдап, шетел тілінің курстарына беріп, жүгіріп жүреді.Мен оқыған кеңес заманында балаға репетитор жалдап оқыту деген жоқтың қасы еді. Сабағына улгерімі төмен баланы мұғалім алып қалып жеке түсіндіріп, үйретіп көмектесетін. Қазір бір де бір мұғалім олай жасамайды,себебі артық еңбек еткісі келмейді,жаны ашымайды,баланың болашағын ойламайды.Оқушы ол кәммелетке толған жоғарғы оқу орнының студенті емес . студентке лекция оқып, бағыт бағдар берсе,әрі қарай өзі ізденіп білімін тереңдетуге міндеті Ал мектеп оқушысы ол әлі тұлға болып қалыптаспаған жас өскіншек,сондықтан мектеп мұғалімі әр балаға дұрыс талап қойып, білімге құлшындыра білуі керек,қызықтыра білуі керек.