+1 дауыс
4.3k көрілді

Қазақ тілі. 9 сынып.  Р.Әмір, М. Атабаева. Алматы "Мектеп" 2009жыл.

4-жаттығу. 

1.Термин сөздерді  табыңдар. 2. Мәтіндегі ойға тірек сөздерді табыңдар.

                                      Құпия жазулар туралы

Түркологиялық әдебиеттерде көне түркі жазулары жөнінде ең алғаш хабар берген кісі- Амстердам қаласының бургомистрі Н.Видзен. Бұдан кейінгі мағлұмат С.Ремезовтың 1697 жылғы "Сібір қалаларының, жерлерінің, шөл далалары мен асуы қиын таулы өлкелерінің чертежі " атты еңбегінде беріледі. 

Енисей аңғарларынан табылған құпия жазулар жөніндегі  мағлұматтар швед елінің тұтқын офицері И.Странленбергтің еңбектерінде де кездеседі. Оның ескерткіштер туралы еңбегі 1730 жылы Стокгольм қаласында неміс тілінде жарияланды.

1818 жылы Абель Ремюза, 1824 жылы Роммиль, О.Клаппорт, М.А.Кастрен, т.б шетел ғалымдары да Сібір жерінен табылып жатқан құпия жазулар туралы мақалалар жазды. 

 Белгісіз жазуларды оқып, талдау Дания ғалымы В.Томсеннің үлесіне тиді.  Ол, ең алдымен , ескерткіштегі кейбір таңбалармен қатар келетін және келмецтін ерекшеліктеріне назар аударды. Бұдан ол көне түркі жазуындағы дауысты дыбыстардың қолданылуына байланысты жуан  және жіңішке айтылатын екі жүйе , 38 негізгі таңба бар екендігін анықтады. В.Томсен жазуды оңнан солға қарай оқу керек деген көрегендік қорытыдыға келді. Сөйтіп, данышпан ғалым, 1893 жылы 15 желтоқсан күні Дания королінің ғылыми қоғамы мәжілісінде жасаған 15 беттік баяндамасында сол күнге дейін белгісіз, құпия болып келген жазулардың   кілтін тауып, оның түркі халықтарының төл жазуы екендігін дүниежүзі  алдында дәлелдеп берді. 

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
"бургомистр, чертеж, офицер, келмец, король, " - бұл сөздер қазақ тілінде жоқ, өзге тілден енген яғни термин сөздер
...