+1 дауыс
76.7k көрілді
абсолютті монархиялы және конституциялық елдер...осы елдер неге бұлай аталған?анықтамасын білсеңіздер айтыңыздаршы....

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Саған толықтырып жазайын:

Басқару түрі жоғарғы өкімет билігі кімнің қолында екендігін көрсетеді.
Монархия деп – мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара, бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады. Монархия абсолюттік, конституциялық болып бөлінеді. Абсолюттік монархия деп жоғарғы өкімет билігі бүтіндей, тұтас, формальді түрде де шектелместен бір адамның қолында тұрған құрылысты айтады. Мысалы: Ресейдегі Романовтар әулеті. Қазір басқарудың мұндай түрі жоқ.
Конституциялық монархияда монархтың билігі белгілі дәрежеде заң шығаратын билік парламентпен шектеледі. Қазір Бельгия, Голландия, Дания, Иордания, Испания, Норвегия, Люксембург, Морокко, Жапонияда сақталған.
Республика деп – мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрін айтады.
Республика президенттік және парламенттік болып бөлінеді.
Президенттік басқаруда мемлекеттің де, үкіметтің де басшысы президент болып саналады. Оны парламент немесе халық сайлайды. Егер президентті парламент сайласа, «парламенттік президент» дейді. Конституция бойынша президентке белгілі бір құқықтар беріледі. Ол құжатқа премьер-министрдің қолы керек. Онсыз Президентті жалпыға бірдей, құпия түрде, сайлау арқылы халық сайласа, ондай мемлекетті президенттік республика дейді. Ондай президенттің билігі зор. Мысалы: АҚШ. Мұнда атқарушы билік парламентке бағынбайды. Президент үкіметті өзі тағайындап, өзі басқарады.
Парламенттік тәртіпте елдің жоғарғы басшысы парламентке бағынады. Мұнда заң шығарушы билік те, атқарушы билік те парламентке тәуелді. Ол салықты белгілейді, бюджетті бекітеді, соттарды құрады, соғыс аша алады, әскерді қамтамасыз етеді, т.с.с.
Парламент екі палатадан тұрады. Жоғарғы палата сенат арқылы, ал төменгі палата жалпыға бірдей тікелей сайлау арқылы қалыптасады. Парламент бірпартиялық және екіпартиялық болуы мүмкін.
Бірпартиялық парламент кішкентай елдерде кездеседі. Мысалы: Финляндияда бірпартиялық парламент қызмет етеді. Дамыған елдерде екіпартиялық парламент жүйесі қалыптасқан. Мысалы: АҚШ-та республикалық және демократиялық партиялардан тұрады.
Әр елде парламентті әр түрлі атайды:
АҚШ, Филиппинде – конгресс;
Польша, Финляндияда – Сейлі; Иран, Түркияда – Мәжіліс; Израильде – Кнессет; Швейцарияда – Ригстаг; Францияда – Ұлттық жиналыс дейді.
Мемлекет құрылысына қарай унитарлық, федерациялық, конфедерациялық болып бөлінеді.
Унитарлық – құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекеттің ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол бермейді. Оның жері, конституциясы бір болады. Мемлекеттік биліктің жоғарғы органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы: Қазақстан, Италия, Греция, т.с.с.
Федерация – деп белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекет құруын айтады. Жалпы мемлекеттік конституция барлық міндеттерді реттейді. Әрқайсысының жоғарғы билеу органдары болады. Барлығы ортақ институттарға бағынады. Мысалы: АҚШ, Германия, Канада, т.с.с.
Конфедерация – деп өздерінің кейбір амал-әрекеттерін үйлестіріп, белгілі бір мақсаттарды жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдер одағын айтады. Міндетті ортақ заңдары болмайды. Мысалы: бұрын Швейцарияда, Солтүстік Америка Штатында болған.

Мында және мұнда жазылыпты, бірақ бұл жерге жазбағаным жөн болар дедім, өзің кіріп оқып көрерсің.

Ұқсас сұрақтар

...