+1 дауыс
500 көрілді
Агенттің кесірінен жаман жағдайлар болдыма? Қандай агенттің зияны қандай?

3 жауап

0 дауыс
Уақыт жоғалтып біреулер өкінсе,ал бір қыздар агентпен танысып арын жоғалтуда!!!
0 дауыс
Төбелес, адам өлтіру жағдайлары да болған.
+2 дауыс
Мобильді агент – қазіргі уақытта жастар арасында кең тараған. Әр нәрсенің екі ұшы бар деген секілді, бұл мобильді агенттің бір жағынан жақсы, бір жағынан жаман жағы бар. Мобильді агентке өз басым оң көзқарастамын деп айта алмаймын. Неліктен? Себебі, оған бүкіл жастар тірелген. Басқа бір жақта отырған бөгде адаммен бүкіл мәселені өзінше шешіп, айтып, сөйлесіп, шариғаттың шегінен шығып кетіп жатыр. Неге олай? Себебі Шариғат бойынша қыз бала мен ер жігіттің арасында ашық әңгіме болмауы тиіс. Оған тек қана неке уақытынан кейін ғана рұқсат етіледі.
Бұл агент дегеніміз , былайша айтқанда қазіргі заманымыздың жаңа бір өсек таратушы құралы десек те болады. Өйткені бұл жерде жастар түнімен агентте отырып, бір-бірімен танысып, неше түрлі өсегі бар, яки жаман қылығы бар әңгімелерге жол береді.
Агент-жастардың санасын улау, бұзу, былайша айтар болсақ біздің қоғамымыздыдағы ұятсыздыққа апаратын бір тірлік.
Әрине, бәрін бірдей жаман деуге болмас. Бұл нәрсенің де өзіндік жақсы жағы бар. Ол- бір- бірімен тілдесіп, хабарласып, хат жазысу. Кезіндегі почта арқылы хат жазысуды қазір елдің бәрі ұмытты. Бұл жерде жақсы ниетпен жасалынса – құба құп, ал егер мақсаты ермек етіп, уақытты өткізу болатын болса әрине ол – күнә.
Өйткені, Пайғамбарымыз ( с.а.у ) бір хадисінде: « Адамдар екі түрлі нәрсенің қадірін білмейді: біріншісі-бос уақыттың, екіншісі-денсаулықтың.» деп айтып кеткен болатын. Бұл сол бос уақытты жұмсау. Олай болса, агентте отырып, таңнан кешеке дейін өсек айту, бұл уақытты ысырып ету. Ол харам болып табылады. Тек қана агентте отырып алып, әңгіме айтып, уақытын текке өткізу- әрине, бұл мұсылманшылдыққа жатпайды.

Смайл Сейтбек- Орталық мешіттің имамы, Орал медресесінің директоры.
Бiрак сенiн суретiн, жазганына сай емес?!
Белгісіз
Бул жазылған оның айтқаны емес, астына қарасанызшы -Смайл Сейтбек- Орталық мешіттің имамы, Орал медресесінің директорыыыыыыыыы, понятно?)
суреттегі менің қарындасым
саган айтып жаткан жокпын, мадес)
ия, мен оны жазп жаткан кезде ескергем карндасы шыгар деп, брак байкаганым кобинесе адамдар осындай суретке жазп кояды,агам иним карындасм деп,адамдар жаман ойга бармау ушн
Белгісіз
...