+4 дауыс
2.2k көрілді
Қыз сияқты сызылып қалған, шашын қыздарша өсірген жігіттерге не дейсіз? Маршрутта бір баланы көрдім. Оған қарап мен намыстанып кеттім. Құдды қыз сияқты. шашын өсірген кучунпе сияқты. джинсы киген, ол тырысып тұр қыздардікіндей. Жігіттер тырыстырып кимесе керек. В общем айта берсем көп. Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді деген. Қазақтың жігіттері қандай болу керек екендігін ұмытқандай? Бұл қоғамдық мәселенің шешімі бар ма? Әлде оларды оңаша шығарып алып әңгімелесу керек пе?
не десем екен?)
Дұрыс қозғадың
Белгісіз

4 жауап

+2 дауыс
Бұл жерде мәселе қыздарда болып тұр. Кез келген қазақ қыздың Мир, ВКонтактідегі жеке беттерін көрсек, кәріс жігіттердің суреттері толып тұр. Корея мен Жапонияның жастары панк стилін кеңінен қолданады. Біздің кейбір жігіттер қыздарына ұнау үшін, соларға еліктейді. Әсіресе, Ғ4 сериалындағы жігіттерге.
дұрыс айтасын
кез келген емес қазақ қыздарының көбі корей жігіттерін ұната бермейді!әр адам әртүрлі,мен үшін қазақ жігіттерінің өз атына лайық болғаны дұрыс,еліктеу дегендерді мүлдем ұнатпаймын!
мен бул созге косыла алмаймын ренжіменіз кыздын конілін баскаша да турмен каратуга болады... бір кызды унаттым деп намыстан аттмайтын шыгар, егер арине намысшыл жігіт болса, просто кыздар гана емес шет елге еліктейтін улдарда еліктегіш болып келеді,әсіресе тырыстырып джинси шалбар киетіндер
Ал мен толыктай келісемін, бұл ащы да болса шындық, Қазақстанның қыздары ғана емес, Ресей, Украина, толып жатыр
Белгісіз
сіз кімнін созіне толыктай келісезіз... мен тусінбедім
Жауаптың иесіне.
Белгісіз
0 дауыс
не шаруан бар қалай жүрсе қалай өсірсе
түсінікті.... сенің аватарыңа қарап ақ, мына сөзіңе қарап ақ біршама ойда қалдым. Менің шаруам қазақ жігіттеріне лайық болсын дегенім. Жігіт пе жігітше жүрсін. Тағы дай айтайын, бір қаын майды бір құмалақ шірітеді.
мен де сіздермен келісемін...тек олардың  қалауларын, таңдауларын өзгерте алмайсыздар...күшпен шешуге де келмейтін мәселе екенін түсініңіздер....себебі Демократия!
Демократия деген бірінші кезекте тәртіп. Ал әркім ойына келгенін істейтін болса, оны Анархия деп атайды. Қазақша - бассыздық.
<<Общество осуществляет
самоуправление ради общего блага и
удовлетворения общих интересов.
Народное правление требует
обеспечения ряда прав для каждого
члена общества. С демократией связан
ряд ценностей: законность, равенство ,
свобода , право на самоопределение ,
права человека и др.>> Демократия-теңсіздік! және бассыздықтың бұл жерде ешқандай да қатысы жоқ!
+1 дауыс
жігіт - қашанда бір сөзді..және сабырлы да байсалды болғаны жөн...қазіргі кезде еліктеушілік белең алып келе жатыр..оған тосқауыл қоюға дәрменсізбіз...Алла Тағала қыз балаға еліктеген жігіттермен..жігіттерге еліктеген қыз балаларға лағынет деген...демек ол күнә,,бұл заманның келері де Жаратқанға аян болып..ол оның алдын алуға Құранды жібергенімен..пенде пенделігін жасауда..жігіттер бұл әрекетін өздері түзетпесе,қанша бұл жайлы сөз қоғасақ та өзгеріс таппасы анық...сән қуып жүрген жастар,,бүгінде..сән емес,,күнәнің соңын қуып жүргендігін білсе еді...айналамыз басқа кейіпте болар еді....шет елдердің түкке тұрғысыз сәніне,салт-дәстүріне қызыққанша,,,өз бейнесінен айырылып бара жатқан қазақилықты қайта тіктесек еді....ертең қазақ деген кім десе,диско-клубтарда жүретін...келте киінген қыздар...сіз баян етіп жатқан жігіттер бізбіз  десе не болмақ?!дүние есігін әле талай періштелер ашар...олар кімнен тәрбие алады...?!ең алғаш ой елегінен өткізген жөн...шаш өсіріп..сызылған жігіттер көбейіп келеді...олар қыздардың қасында өздерінің ерекшелігін сезер ме екен?!қыз-назымен..сызыла..ұялғанымен өзгешеленсе..ал жігіттер..байсалды..сабырлы...намыстылығымен ерек...осыны білсе еді...жігіттер қыздардан биік..және ақылмен шеше білетіні бар ғой...қыздарға айтарым...ондай жігіттерге қызығушылықты азайтса екен..сонда жігіттер жөнге келер еді..оған қыздар да әсер ете алары бар....
жақсы айтылған сөздер! Осы сөзден соң әлгі жігітсымақтардың намысы оянса екен.
0 дауыс

 

Негізі жігіттердің көбісі шетел жігіттеріне ұқсап кеткен, әсіресе кәріс жігіттеріне. Бәрі кәрістерге еліктеп нәзік болып  кеткен. Бұл қазақтың нағыз қара баласына жат. Ондайларға келгенде «қаланың баласы ғой» дегеннен басқаны айта алмай қалдық. Мысалы бәрімізге белгілі Жігіт сұлтаны сайысына қатысатын жігіттердің көбі сахнаға шығып алып не әнұран айта алмайды, не не 20-30 кг гір тасын көтере алмайды...

Жоғарыдағы Елекенің сипаттағанындай жігіттер қазақтың намысына тиеді..

Қазақ жігітінің өмірлік кредосы.

Әр қазақ баласы өзін елдің иесі деп білуі тиіс.Қазақстан – қазақ ұлысы.
Әр қазақ жігіті Президентке шын көңілмен берілсін.

3.    Әр қазақ жігіті оқуды қызыл дипломға бітіруге тырысып, өз сала-сындағы ең  мықты маман болсын. Оған Орталық Азияда тең келе-тін ешкім болмасын.

Мемлекетке адал қызмет етсін, қазынаның ақшасын ысырап қыл-масын, кооррупцияға қарсы тұрсын .
Қазақ жігіті Әзірет Сұлтан Қожа Ахмет Йассауи әулие негізін салған            

              дәстүрлі исламды, қазақ руханиятын білуге және өмірінде тұтынуға

              тиіс.Фольклорды, салт - дәстүрді, бата беруді үйінде қолдансын.

Әр қазақ жігіті қазақша шешен тілмен, ағылшынша, орысша  сауатты сөйлей  білсін, компьютерді, өз құқын қорғауды толық білсін.
Әр қазақ жігіті тәулігіне 8 сағат кәсіби - ғылыми, әдеби кітаптар оқысын.
Әр қазақ жігіті қазақ тарихындағы ақкөз батырлардың өмірін егжей-тегжейлі біліп, үлгі тұтсын. Қазақ ұлтынан шыққан мем-лекет,  өнер,  ғылым қайраткерлерін мақтаныш тұтсын.
Өзге халықтардың мәдениетімен дініне көзсіз еліктеуін тоқтатсын.
Өзге ұлтты кемсітпесін,  басқа халықтардың  мәдениеті  мен  дінін   

               сыйласын.

 Әрбір жігіт “Әр қазақ – менің жалғызым”  деп білуі тиіс. Қазақ қызының біреуін ғана жарым деп, қалғанын қарындасым  деп танысын.
Әр қазақ жігітінің шаңырағында 10 бала өссін.
Қазақстанда мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Әрбір қазақ азаматы ұлы мен қызын орыс мектебі мен балабақшасына бермесін.
Қазақ жігіті темекіден,  арақтан,  карта ойнаудан,  жеңілтек қыздар-мен қыдырудан,түнгі клубтар мен дискотекадан,казинодан,  бил-лиардтан түбегейлі тыйылсын.
Студент қазақ жігіттері бірінші курстың жігіттерін туған інім деп қарап, қыздарына туған қарындасындай пана болсын.
Әр қазақ жігіті жершілдік,рушылдық деген аурулардан айықсын.
Қазақ жігіті ерте тұрып сабағына уақтылы келуі тиіс. Университет мұғалімдерін құрметтеп, тапсырмаларын сөзсіз орындасын.
Қазақ жігіті базарда  арба сүйреуді, құрылыста кірпіш тасуды, көше сыпыруды, қарауыл болуды ар санасын. Баспаналы, машиналы болуға ұмтылсын.

...