0 дауыс
2.1k көрілді
Жалпы адамзат Адам атадан тарағанба әлде маймылдан ба? Және де жер астынан табылып жатқан ежелгі адамдардың сүйегі маймыл ма әлде адамның қаңқасы ма ол қаншалықты рас ғалымдардың айтып жатқан деректері көбісі өтірік деп естідім кейбір ғалымдар жаңалық ашамын деп маймылдың қаңқасына ұқсатып сүйек жасап оны көміп 30-40 жылдан соң маймылдың сүйегін таптым деп алдайды екен атақ даңқ үшін!

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Иә, дарвинизм тероиясын жақтаушылар адамдарды маймылдан тарағанына сендіру үшін жасамаған қулықтары болмаған. Бір жылдары неодарвинисттердің бірі жартылай маймыл, жартылай адам іспеттес бас сүйекті алып, адамның маймылдан пайда болғандығына дәлел ретінде төрткүл дүниеге жар салды. Алайда, олардың қулығы көп өтпей-ақ белгілі болды. Маймыл мен адамның бас сүйектері жартылай алынып, осы екеуін жымдастыра біріктіріп, бір бүтін бас сүйек етіп шығарған көрінеді. Бір қылжақпастың кесірінен оны маймыл мен адам арасындағы өзгерістің аралық кезеңінің айғағы деп бүкіл ғылыми орта осыны қабылдауға шақ қалды. Алайда, оның қолдан құрастырылған бас сүйек екенін ғалымдар дәлелдеп, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әшкереледі.

Олар өздері адасқанымен қоймай халықты адастырды.

Негізінде дарвинизм нақты дәлелденген ғылыми жетістік емес, тек қана теория, болжам, яғни осылай болуы мүмкін деген ой-пікір. Теория ғылыми түрде дәлелденген жағдайда ғана теориялық болжамнан шығып, ғылымға айналады.
+1 дауыс

Адам маймылдан жаралмайды.Маймыл тәрізді алғашқы жабайы адамдардан бері бірте-бірте дамып келеді(Дарвин осыны айтқан,болу керек).Бірақ бір айта кететін маңызды мәселе,жер бетіндегі тіршілік ететін тіршілік иелерінің (оның ішінде адам да бар),бәрінің түбі бір,бір бактериядан жараған.

Ол былай жер планетасында бірнеше миллиардтаған жылдар бұрын басқа галлактикадан метеорит ұшып келіп,жер планетасына теңізге түскен,ол метеоритте тірі микроптар,абемалар,бар болған.Сол микробтар жердің өте қолайлы климатына,тез өсіп жетіле бастады.

Сосын бірнеше миллиондаған жылдар бойы біртіндеп сан түрлі балықтар,судың тартылып қалу салдарынан олар құрылыққа бейімделе бастады содан аң-құстар дамыды,аңдардан жануарлар,маймылдар мен маймыл тәрізді жабайы адамдар дамыған.Адамдар жұмыс істеп еңбектеніп,милары,ақыл есі қатты дамып,енді бүгін біз кәдімгі адам болып жүрміз.Бұған дейін өте ұзақ уақыттар өтті. 

Осы тіршілік иелерінің бәрі осы топырақтан нәр алып жетілген.Сонда жер бетінде топырақтан жаралған болып тұр ғой,бұлардың бәрі.

 

Соңғы екі сурет артық сиятығы болмаса бәрі дұрыс
...