Иә, дарвинизм тероиясын жақтаушылар адамдарды маймылдан тарағанына сендіру үшін жасамаған қулықтары болмаған. Бір жылдары неодарвинисттердің бірі жартылай маймыл, жартылай адам іспеттес бас сүйекті алып, адамның маймылдан пайда болғандығына дәлел ретінде төрткүл дүниеге жар салды. Алайда, олардың қулығы көп өтпей-ақ белгілі болды. Маймыл мен адамның бас сүйектері жартылай алынып, осы екеуін жымдастыра біріктіріп, бір бүтін бас сүйек етіп шығарған көрінеді. Бір қылжақпастың кесірінен оны маймыл мен адам арасындағы өзгерістің аралық кезеңінің айғағы деп бүкіл ғылыми орта осыны қабылдауға шақ қалды. Алайда, оның қолдан құрастырылған бас сүйек екенін ғалымдар дәлелдеп, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әшкереледі.
Олар өздері адасқанымен қоймай халықты адастырды.
Негізінде дарвинизм нақты дәлелденген ғылыми жетістік емес, тек қана теория, болжам, яғни осылай болуы мүмкін деген ой-пікір. Теория ғылыми түрде дәлелденген жағдайда ғана теориялық болжамнан шығып, ғылымға айналады.