Қазақша ән | 483 қаралды
483 қаралды
Иә, бұл сан мәрте қойылған сұрақ. Әр жерде әркім өз ойларын әртүрлі айтқан екен. Сонда да тағыда бұл сұрақты қоюуыма тура келіп тұр. Неге десеңіздер, газетке мақала әзірлеп жатыр едім. Соған қажет. Өз ойларыңызды еркін жеткізіп, нақты жауап беріңіздер. Сұрақ мынандай: Сіз қазақша рэпті тыңдайсыз ба? Берер бағаңыз қандай? Жауап бергеннен кейін өзіңіз жайлы толық мәлімет қалдырып кетіңіз. Мысалы: Марат Қаниев, Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы, М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушысы. Ең жақсы жауаптар ғана мақаламен қоса жолданады.

10 жауап

Қазақта "Біреудің қаңсығы - біреуге таңсық" деген жақсы мақал бар. Негізі рэп АҚШта қара нәсілді өздерін афроамерикандықпыз деп жүрген адамдардың, оның ішінде қылмыстық топтардың арасынан шыққан ән жанры. Ресейдегі шансон ән жанры сияқты. АҚШтағы атақты рэперлердің көпшілігі түрмеде отырып шыққан, немесе түрмеде отыр. Рэп әндерінде негізінде өмірге деген теріс көзқарас, зорлық-зомбылық, өзін халықтан ерекше етіп көрсету сияқты жағымсыз сарындар көп. Бізде рэп-ті талантсыз, музыкалық қабілеті жоқ адамдар мен мектеп оқушылары оқиды.
Жақсы Жауап
келісемін бірақ  тек оқушылар ғана емес, дегенмен көбі 70% солар...Ресейді тыңдап қарасаңыздар рэп айтатындардын бәрінде болмаса да көбісінің музыкалық білімдері бар,ал бізде тек қызыққаннан,жәй ауестік ретінде қарайды
Иә... Қазіргі кезде рэп жанрында ән айтатын әншілер көбейді. Соңғы кезде Қазақстандық рэпперлердің әндеріде біршама деңгейге жетіп, дамып келе жатыр. Әрине оның ішінде барлығын тыңдай бермейміз. Өзім арасында тыңдайм. Оның ішінде махаббат тақырыбындағы және өмірге көзқарасты өзгертіп, талпынып, алға жетелейтін әндерді тындаймын. Және оның әуені, сөздері бәрі ұйқасып, сай келіп тұрғандарын тыңдаймын. Қазіргі жастар толқыны осы рэп жанрына бет бұрып келеді. Жалпы сапалы, мағыналы сөздермен рэпті халыққа жақсы жеткізе білсе қарсылығым жоқ. Арыстан Ақжол, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті. 131 орта мектебінің 11 сынып оқушысы. Жауабым ұнаса да, ұнамаса да бұл өз пікірім.
Иа тыңдаймын қазіргі кезде Қазақстан  рэперлер жақсы айтып жүр, бірақ олар көбінісін теледидарлардан көрсете бермегендіктен адамдар таный бермейді. Жақсы айтатындары өте көп, Бірақ оны жастар ғана тыңдайды, жасы үлкен адамдар тыңдағаннан көре Қазақстандағы эстрада әншілерінің әнін тыңдайды мысалы:Мейрамбек,Қайрат, Асан Пердешов, Сырым исабаев т. б әншілерді тыңдайды. Утегенов Мұхтар,Жамбыл обылысы,Байзак ауданы,Байзак ауылы, Сыдық абланов мектебінің 8 сынып оқушысы.  қандай газет
Ия.Рэп тыңдаймын.Бәрін емес.Мағыналы,музыкасы жағымды рэп тыңдаймын.Қазір Жақауды тыңдап жүрмін.Кеңесқызы Таңшолпан.Маңғыстау облысы,Маңғыстау ауданы,Тұщықұдық ауылы.С.Жаңғабылов атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы
Жақау красавчик ешқандай рэпер жете алмайды!
Белгісіз
менде казакша реп тымдарманымын,мен Жакау дын рептерин кобирек тындаймын себеби онын рептеринде терен магына жатыр адамды ойландрытындай коп репертуарлары бар, сонын бири "жаннын тазалыгы"
Тұрғылықты мекен-жайыңды жаза кетсеңіз...

Мен рэпті сүйсініп тыңдамаймын,анда-санда біреулердің мақтап жүрген рэптерін ғана тыңдап көремін.Жалпы қазіргі кезде жастардың көпшілігі мағынасы жоқ,боқтық сөзге толы рэп айтады.Немесе мағынасы шамалы,әйтеуір өзіне мақтаныш көреді соларды.Тек сапалы,мағыналы рэп айтатындар аз,мысалы Ерболат
Құдайбергенов,Шохан,Жақау сияқты жігіттер.Жалпы жастардың қазақ рэпін дамытуға атсалысуларына қарсылығым жоқ,мен тек сапасыз рэперлер көбеймесе екен деймін.

Мадияр Губайдуллин,Атырау қаласы

Қазақ рэпін тыңдаймын...Жалпы осы жанрдағы әндерді қатты ұнатамын.Қазақ рэпі жаңа-жаңа бастау алып,қарқынды жазылып жатқанымен сапа мен мәні жағынан басқа елдерден артта қалып келеді.Дегенмен, ақын ата-бабаларымыз секілді халық мұңын,дұрыс,жағымды жырлайтын қазіргі заман сөз шеберлерін атап  өтпеуге болмайды.Жалпы өзім шетел және орыс рэп жанр орындаушыларын жақсы көргенмен,өз елімде жақын жатқан қандастарымды жек көремін деп айта алмаймын.Жалпы өзім кезінде тыңдаған,мен үшін қазақ рэпері лауазымына лайықты MC(эмси) орындаушылары:Тарлан,G-Had отбасы,Жамағат production және т.б.Олар шетел орындаушылары секілді теледидардан көрініп жатпағанымен,маған танымал болып,менің көңілімнен шыққаны олардың үлкен еңбегі деп білемін.Әрине,әркімнің өзі ұнататын орындаушылары бар...бірақ,бұл тек менің жеке өз ойым.Өзім батыстан болғандықтан өзіме жақын орындаушыларым осылар.Алдағы уақытта қазақ рэпін жалғыз интернет қолданушылары ғана емес продюссерлер де байқап,үлкен сахынаға жол ашылып,дами түседі деген сенімдемін. Какимжанов Бекзат Атырау облысы Абай атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы
Белгісіз
Бірең сараңын тыңдаймын кейде, оныңда бірең сараң өлеңін таңдап

Менің қазақ рэптерге көңілім толады және арасында тыңдаймын.

Әр адамның айтар ойы әр түрлі негізі рэп қазаірғі заманның әні деуге болады.Менің бағам 5.

118,547 сұрақ
305,718 жауап
153,301 пікір
68,161 қолданушы