+2 дауыс
3.4k көрілді
Казірге танда адамдардың көпшілігі темекі шегуге құмар. Менің бір түсінбегенім неге темекі шегеді? Одан не пайда, не қызық? Кейбір адамдардан сұрасам қызық үшін дейді сонда не қызық деп сұрасам не айтарын білмей сасып қалады.  Өз басым темекіден пайда бар дегенді естіп көрмеппін керісінше адам денсаулығын өте зиянды екенін жақсы білемін. Темекіні қаншама теңгеге сатып алады сонын орнына денсаулығана пайдалы тағамдар алып жесе немес пайдалы заттар алса адамға қаншама пайдасы болар еді... Жәнеде темекіні бір шеккен адам қайта қоя алмайды деген шынба?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Негізі адамдар жас кезде қызық көріп шегеді. Сонан соң темекі қоя алмай қалады. Қойғысы келсе басы ауырып, шеккісі келіп тұрады. Солай қиналған соң тастағысы келмейді. Бірақ шын ниеттеніп тастауға үміттеніп, бет алса тастай алады. Бұлай айтқанға мені темекі тартады екен деп ойлап қалмаңыздар. Менің темекі, арақ дегендерге жаным қас! Меніде осы сұрақ ойландыратын. Әркімнен естіп, өзімше тұжырым жасап, ой түйгенім ғой...
ой бөліскенізге рахмет....
+1 дауыс
негизинде биразы кызыгушылыкпен шегеди менде кызыгушылыкпен бастагам сосын бир ай откен сон онын зиян екенин сездим кин койып кеткем.
0 дауыс
Иә қызық үшін тартады деген ол рас.Сосын оны тастау қиын болады.Мен де солай бастағанмын.Жеті жыл тартып қойып кеттім.Қойғаныма да төрт жыл болыпты.Бұрын тартып адам сияқтымын қазір.Тек таза қоямын  деген ниет болса қанша жыл тартсаң де қоюға болады.Ал қою үшін мынаны ішу керек,ананы қолдану керек деген бос сөз.Темекіні тартқысы келетін адам оған да,қымбат бағасына да қарамайды.Ең бірінші тартқанда әркім әртүрлі себеппен бастайды ғой.Біреу қасындағыларға еліктеп,біреулер стресті басу үшін,ал біреулер кәдімгідей соны дәреже көріп бастайды.Ал тартқан адам өз денсаулығымен қоса біреудің денсаулығын улайды.Және темекі тартқан адамның ерте қартаятынын біреу біліп,біреу білмейтін шығар.Сол үшін темекіден аулақ болайық.Салауатты өмір салтын ұстанайық.
...