+4 дауыс
7.0k көрілді
Абай атамыз "Орыс тілін оқыңыздар. Ол сіздердің көздеріңізді ашады!" дегеніне келісесіз бе?
қай жерден оқыдыңыз бұны?
Белгісіз

7 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Келісу керек, Абай атамыз тірі болғанда казір де сол сөзін қайталаса қателеспес еді деп ойлаймын.Абай атамыз "Орыстың тілі, дүниенің кілті"-деген кезде біздің қазақ халқына ең жақын ғылымға көзі ашық жұрт орыс халқы еді,олай болса Абай атамыз білімді орыстан үйрен демегенде, ол заманда аздаған оқыған қазақтар болмаса жалпы қазақ өмірі атын естімеген ағылшын, неміс т.б. туралы не айта алар еді.Жалпы адам қанша тіл білсе де артықтық етпейді,оның ішінде орыс тілін бәріміздің білгеніміз абзал болар еді.Орыстар біздің, біз орыстардың көршілеріміз, ешқайсымызда жерімізді арқалап басқа бір жаққа көшіп кете алмаймыз. Демек бір-бірімізбен белгілі бір қалыпта қарым-қатынасымыз болады, сондай жағдайларда керегі болады деп ойлаймын.

 

0 дауыс
әрине)орыс тілін оқыған артық болмас деп ойлаим) кемшілігі де жоқ)
0 дауыс

Орыс тілін оқудың еш зияны жоқ)) Орыс тілін білетін адамдар еш жерде қор болмайды.smiley

+1 дауыс
Толық келісемін. Себебі, арнайы техникалық, кәсіптік (мысалы, медициналық) кітаптар, журналдар, анықтамалықтар мен энциклопедиялар орыс тілінде. Сондай-ақ, әлемге белгілі орыс классиктерінің шығармаларын өз тілінде оқымасаң, толық мағнасын түсінбейсің.
0 дауыс
Абай атамыз біздің мақтанышымыз. Қазақтың кім екенін танытқан данышпандығы шексіз. Сол заманда соншалықты көреген, соншалықты терең ойлы болғаны таңқаларлық. Орыс тілі қашанда керек. Білім алуда орыс тіліндегі әдебиеттердің  маңызы өте зор. Орыс жазушыларының шығармаларын оқып отырып, ол халық туралы көп білесің. Жалпы қандай тілді білсең де ол байлықпен тең екен. Көп тіл білген мықтылық дер едім. Көп тіл білген адам рухани бай адам, көп нәрсені талдай алады. Өмірге зерделей қарайды, әр оқиғаны бағалай отырып қандай жағдайда да жақсы жол таба алады.
+1 дауыс
ӨЗГЕ ТІЛДІҢ БӘРІН БІЛ ӨЗ ТІЛІНДІ ҚҰРМЕТТЕ.............
0 дауыс

әрине келісемін Абай текке айтпас бұл сөз қазір де өте маңызды себебі қазақ тіліндегі жоқ мақалалар орыс тілінде сайрап жатыр интернетте

...