–1 дауыс
50.1k көрілді
достар өтінем маған қонақты қалай қарсы алу керек тақырыбында қысқа да нұсқа шығарма жазып беріңіздерші өтініш басқа сайттардан көшірмеңіздер

2 жауап

0 дауыс
Қонақжайлық – қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрінің бірі. Сонымен қатар адамдар арасындағы сыйластықты, бір-біріне деген құрметті, қамқорлықты білдіретін, кісінің адамгершілігін, имандылығын айқындайтын қасиет. Адамдарды тіліне, дініне, ұлтына бөліп-жармай, достық ықылас көрсетіп, ас-дәм беру қонақжайлықтың негізгі белгісі. Қазақ халқының қонақжайлық қасиеті мен дәстүрі шетелдік саяхатшылар мен ғалымдарды әр уақытта таң қалдырған. Дәстүрлі қазақ қоғамында әкенің балаға қалдыратын мұрасының белгілі бір бөлігі міндетті түрде қонаққа тиесілі енші деп есептелінген. Қазақ сахарасындағы кез келген жолаушының кезіккен ауылдан тамақтанып, тынығып алуына мүмкіндігі болған. Әрбір үй иесі оны барынша сән-салтанатымен, пейілімен қарсы алып, ақ тілеумен шығарып салуды өмірдің айнымас шартына балаған. Отбасы үшін жолаушыны қонақжайлықпен күтіп алу бұлжымайтын моральдық-этик. қалып ретінде орныққан; қонақжайлық Қонақ; Қонақасы; Қонақ кәде.[1]

Қонақ күту.Қазақ халқы – ежелден қонақ десе ішкен асын жерге қоятын халық. Үй иесі бұрын танысын, танымасын «Құдайы қонақпын» десе болды, жылы шыраймен қарсы алып отырған. Жол жүріп кеп жатқан жолаушы «бөлінбеген еншісін бар» деп, жалынбай ауылдың кез келген үйіне түсіп, қонақ берген. Оның үстіне қазақта «қырықтың бірі қыдыр», «қонақты қусаң – құт, ырыс, қашады», «Қонақпен еріп құт, ырыс келеді» деген мәтелдер бар. Сөйтіп, бөлінбейтін еншіге қиянат жасауға болмайды. Бір қызығы, алты аласы, бес бересі болмаса да қонақ үй иесі тойдырмаса, күтпесе, ашуланып жамандап кететін болған. Қазақ үшін мұны есту ұят, бетке шіркеу болған.Сондықтан халқымыз қонақты қарсы алу, шығарып салуға ерекше мән берген. Қонақты үй иесі, қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге енгізіп, соңынан өзі кіріп есікті жабады. Бұл – қонақпен еріп келген «құт» бірге кірсін дегені Ал қонақты шығарып саларда, есікті қонақтарға аштырып, соңынан өзі жауып шығатын болған. Осы күнгідей қонақтарға есікті ашып, іштен жауап алу деген болған. Қазақ халқы қонақтарды «арнайы қонақ» (қонақ) «құдайы қонақ» (жолаушылар келе жатып түстеніп не бір күн түнеп шығатын қонақ) «қыдырма қонақ» (алыстан ағайын, туған туыстарын арнайы іздеп келіп, бір немес бірнеше күн олардың сый-құрметін көріп қайтатын қонақ), «қылғыма қонақ» (қай үйден түтін шықса, қай үйге қонақ келсе, соны аңдып жүріп кеп қалатын сүйкімсіз қонақ) деп бөлген. Келген қонақтармен жөн сұрасқаннан кейін үй иесі қонағына ең жақсы тамақтарын беріп, риза етуге тырысады. Ең алдымен қонақтарға сусын, қымыз, шұбат, және т.б. беріледі. Содан кейін шай ішіледі.Әдетте шәйді бойжеткен қызға құйдырады.Оның себебі қыз бала келешек шаңырақ иесі, ас иесі болғандықтан жастайынан қонақ күтуді үйрене берсін деген ниет болған.Екіншіден бойжеткен қызға шәй құйғыза отырып қыздың аспазшылық өнерін елге паш ету.Бір үй толы қонаққа кесені ауыстырмай, шәйді қызыл күрен етіп баптап беру үлкен өнер.Осыны көрген жолаушы, әсіресе қариялар ойына түйіп, барған жерінде "бәлененің үйінде бәлен деген бойжеткен қыз бар екен, шіркіннің шәй құйысы, қонақ күтісі-ай"-деп мақтайтын болған. Шайды дәмділеп құю, қонақтарға орнымен сый-сиапат көрсету сол үйдегі әйелдер мен бойжеткен қызға үлкен сын болған.Шайды дәмділеп құйып бере алмаған бойжеткен қыз тәрбиесіз саналып, әңгімеге ұшыраған. Шай ішілген соң асқа дейін қонақтардың көңілді отыруына, яғни олардың бабын табуға үй иесі бар жағдайын жасайды. Шәйді сүт немесе қаймақ қатып қызыл күрең етіп баптап беру, дастарқанға бауырсақ, өрік мейіз, ірімшік, құрт, май, қант салып түрлендіру-үлкен аспазшылық.Шәй құйып, келіншек ыдыс-аяқты, ожауды, салдырлатпай әдеппен беруі керек.Егер ыдыс-аяқты салдырлатып берсе қонақ "үй иелері жақтырмай отыр" деп ойлау мүмкін.Қонаққа шәй екі қолдан алынып беріледі, немесе шыныны оң қолымен ұстап, сол қолдың алақанын жайып, шыны ұстаған қолдың білегіне тигізіп, еңкейіп ұсынады.. Қазақ елінде кез-келген уақытта қонағына мал сойып бермеген, бірақ қонаққа деп әрқашан сыбаға сақтаған.Жазды күні қонаққа ең болмағанда марқа сойылса,қысты күні соғым етінен тартылған мүшелі табаққа риза болады. Мал союдың да өзіндік жөн-жобасы бар.Арнайы қонақ шақырып, той жасағанда келүші кісілер саны оннан аспаса-бір семіз марқа, жиырма болса-тоқтылы қой не екі үлкен ту қой, отыздан асса – бір құлын не тай сойылған.Ал құдайы қонаққа қой баласынан "қоңыр тоқты" , ешкі баласынан "қара шұнақ лақ",жылқы баласынан "торысын" сойған.Келесікезекте қонақ сыбағасында мал сойылған жағдайда қонақ алыстан келген аса сыйлы адам болса сойылатын.Мал есіктен кіргізіліп союшы малдың мінер жағына бір тізерлеп отырып, екі қолың қойдың мойнынан орай ұстап, алақаның жайып қонақтан "әумин" деп бата тілейді.Қонақ бата істеуге тиіс, бата әр түрлі мазмұнда болады.Бата үй иесінің пиғылына ризалық білдіру,малжанның амандығын тілеу сияқты болып келеді.Арнайы келіп қонған сыйлы қонаққа мал соймай, өлі етпен жөнелту, немесе көже, құрт, май, шәй, айран-шалап беру үлкен айып саналған.Ондай сараң байларға ақындар өлең шығарып масқаралап жұртқа жайған.Ет жеудің алдында қонақтың қолына су құйылады.Су құюшы бала сол қолына леген, оң қолына құман ұстап, оң иығына сүлгі орамал алып, қонақтардың қолына жағалай су құйып шығады.Су құюшы балаға қонақ ықылас білдіріп, рахметін, тілегін айтады.Қазақта сыйлы қонаққа бас тарту ежелгі ел дәстүрі.Ол – адам әлемді баспен билейді деген ұғымды білдіру. Әр қонақтың өзіндік сый-сыпаты, мүше ұстау рәсімдері бар.Мысалы бас жасы үлкен ақсақалға, алыстан келген ең сыйлы қонаққа ұсынылса, онан кейінгі отырған қонаққа асықты жілік ұстатады.Ал күйеу бала мен келінге төс тартады.Қонақ тамақ ішіп болған соң ауыл адамдары(әсіресе жастар), "ауылдың алты ауызын" айтып, қонақтың көңілін көтереді де, кезекті қонаққа береді.Қонақ не өлең айтып, домбыра тартуы керек, немесе ертек айтуы керек.Мұны "қонақ кәде " дейді.Ал өнерден құралақан адам болса, қонақты аспаға асып, есек болып айқайлатып, тауық болып шақыртып сайқы мазақ жасайды.Әрине өнерсіз қазақ болмайды.Ондай жаза сирек қолданылады. Кештің соңында үй иесі қонақты жайлы төсек-орынға жайғастырып: "Жайлы жатып, жақсы тұрыңыз", "Жақсы түс көріп жатыңыз" деп өзі де демалады. Қонағын аттандырар кезде, отағасы қонағынан "бұйымтай ." сұрайды. Қалыптасқан дәстүр бойынша қонақ үй иесінің атын,мылтығы мен итінен басқа кез-келген затты сұрауына болады.Үй иесі қонағының көнілін жықпай, қалауын беріп, "көріскенше күн жақсы,қош,сау болыңыз!" деп қоштасып, аттандырып салады. Қонақ күту – халқымыздың ең жауапты ісі.Сонымен, қазақ халқының қонақ күту дәстүрі ел-жұрт арасындағы ізгі қарым-қатынастарды нығайтуға, ағайын-туысқандарың, көрші-қоландардың алыс-берісіне, үлкенді-кіші болып сыйласуына, өскелең ұрпақты жастайынан көпшіл, мейірімді, үлкенді құрметтеп, кішіге қамқоршы болуды үйретуге өте зор ықпалын тигізген. Дастарқаны мол, пейілі кең қазақ халқының қонақ жайлылығын бұрын-соңды қазақ даласында болған саяхатшылар, ғалымдар және қызмет бабымен келген адамдар жоғары бағаланған
0 дауыс
Маган да жибериндерш отиниш
...