Бұрын тұрмыста болған әйелге үйлену жайлы қалай ойлайсыздар?

–1 дауыс
2.2k қаралым
Бұрын тұрмыста болған әйелге үйлену жайлы қалай ойлайсыздар? (30 жасқа дейінгі адамдар арасындағы үйлену)
Жанұя Белгісіз
минус қойған адам, минус қойып ақыл ойып тасып бара жатса, онда жауап қайтар
Барлықтарыңыздың жауаптарыңыз көңілімнен шықты, тек қарсы ой айтылар деп ойлап ем, менде бұндай жағдай екінші рет, кезінде анамда қарсылығын білдірмеген..

6 жауап

0 дауыс
Жақсы жауап

Саида, мен сізбен келісе алмаймын. Адам баласы өз өмірінде талай сынаққа түседі, кейде жеңеді де мерейі тасыйды, ал енді бірде жеңіледі де көңілі жасыйды, бұл өмірдің заңы. Бірақ бір жасаған қадамым сәтсіз болды деп тауы шағылу дұрыс емес, ол адамның алдында Алланың әлі талай тартар сыйы бар, соған ие болу үшін де күресу керек. Бір жолы қате басқан адам қайта бақытты бола алмайды деген біржақты қате пікір, адамына жолықса неге бақытты болмасқа.Бір рет жаңсақ басқан адам келесіде сол қатесін қайталамауға тырысады, сондықтан оның бұл қадамы сәтті болуы әбден мүмкін. Қазақта: "Ауызы күйген үріп ішеді" - деген мақал бар емес пе? Ал отбасын құрмай ақ бақыттымын деген ол уақытша, алдамшы сезім, ертең жас келіп жаныңдағы балаларыңа дейін өз арбасын сүйретіп кеткенде ол қатты білінеді және ол кезде әйел баласына кеш болып қалуы әбден мүмкін.

0 дауыс
Әрине үйленуге болады, не істесе де өз бақыты үшін емес пе)
қай жаста болсада ма
Мейиржан, арние!!! айттым ғой өз бақыты үшін деп, 80 ге келген кемпірдің де бақытты болуға құқығы бар)
0 дауыс
Мейлі ол бұрын тұрмыс құрсын, мейлі жасы үлкен болсын, егер де жігіт нақты дайын болса. Яғни, жігіттің өз жұрты, достары, тумаластары бар дегендей, осы жандардың қарсылық білдірген ыңқыл-сыңқыл әңгімелеріне ермей, төтеп бере алса (екеуі үйленгенге дейін және үйленгеннен кейін де). Көптеген сынақтар алда күтетіні ақиқат.
0 дауыс
Бір-бірін ұнатса, онда әрине үйленіп, отбасы болғандары дұрыс. Адамның басынан не өтпейді, әсіресе әйел адамдарда.
0 дауыс
Мен бұрын тұрмысқа шыққанмын. Бақытты боламын деп,қанша тырыссамда бақытты бола алмадым.Бақытты да ете алмадым.Біржақты болмайды екен,бақытты болу отбасы болу.Қазір жасым 35 -те,ажырасқаныма 10 жыл болды.Отбасы құрғым келмейді.Қазіргі уақытта өте бақыттымын.Тұрмысқа шыққан қыздар,ажырасқаннан кейін,қайтадан тұрмысқа шыққысы келмейді.
сіздің пікіріңізге қарсымын дей алмаймын, бірақ, Алла ерді ер, әйелді әйел қылып жаратқандықтан, бір-бірінсіз болмас..
0 дауыс
Арине журек каласа болганы.Акылдын калауымен журсен сырт козди алдайсын...бирак озин бакытсыз боласын.Ал кате болсын дурыс болсын.. журек калауымен журген адам бирак бакытты болады.
127,692 сұрақ
322,280 жауап
153,250 пікір
72,713 қолданушы