+1 дауыс
593 көрілді
мен мектептегі кездерде сабақ оқуға қызығушылығым жақсы еді, себебі араласқан ортам да сабақ оқитындар тұғын. енді студент болғансон 1 курстың 1 семестрінде сабақты тым жақсы ақ оқып жүрдім, алайда студенттік өмірімдегі ортам өзгеше болды, группамда 4 ұл бала болса тек мен ғана кітаптың бетін ашатын едім, ал қалғандары гоп-стопщиктер болды... екінші семестірдің ортасында менде соларға еліктеп кеттім ау дим, жалғыздың шаны шықпас дегендей мен қайта оларды өзіме тарта алмадым.. сол енді айтарым қазір 2 курстын басы, сабақ оқуға мүлдем желания болмай жүр... стипендиядан айырылып қалатын сияқтымын, алайда одан айырылмауым керек, кредитіміз де бар.. сабақ оқуға қанша талпынғанымен ойым басқа жаққа кетіп қала береді, және ббүгін оқығаным ертен есімде қалмайтын болыпты... маған кеңес беріңіздерші... қалай сабаққа бет бұра аламын? рахмет!

2 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Ұлы Абайдың отыз бірінші қара сөзін есіңе ал
![description][1]
Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші - сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші - сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.


  [1]:

Өзімнен қосарым, бұл оқу біріншіден өзіңе керек!
+1 дауыс
осының барлығы сылтау ғана, адам шын ниетімен кіріссе қолынан келмейтін іс жоқ :)

Ұқсас сұрақтар

+2 дауыс
3 жауап
+1 дауыс
4 жауап
...