0 дауыс
43.7k көрілді
Тез арада тіл туралы жұмбақтар керек!тез арада

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Бір отаудың ішінде отыз бөрі,
Бар жалғыз қызметкері өте епті.
Он жігіт алып барып тастағанда,
Отаудың бүлкілдейді екі жері.      (Тіл, тас, саусақ, ерін)

Мен жұмбақ айтайын табасын ба,
Айналып ақ қаланы шабасын ба?   (Тіл, тіс)

Екі тақта арасында
Қимылдайды қызыл тақта.   (Тіл)

Жағалай-жағалай тас қойдым,
Жирен атты бос қойдым. (Тіс, тіл)

Үнемі ауызда бұлтыңдайды,
Бірақ жұтылмайды.    (Тіл)

+2 дауыс

Бір нәрсе жегеніне тіпті тоймас,
Адамның ол нәрсесіз күні болмас.
Жіберсе қарап қалар жердің бәрі,
Кішкене болса-дағы кемдік қылмас.  (Ауыз, ерін, тіл, тіс)

Ақ дуалдың артында қызыл ат,

Байлауынан бір босамас қызық ат. (тіл)

Ұқсас сұрақтар

...