+1 дауыс

Менің әкемнің төлқұжатында әкесінің аты жоқ екен, тек аты және тегі жазылған. Енді мен жақында 16-ға толып, төлқұжат аламын. Сонда тегімді атамның атына өзгерте аламын ба ?

P.S қазір тегіме атамның атасының аты жазылған. 

08.09.2013 820 қаралым

1 жауап

0 дауыс
ОЛ үшін АХАЖ бөліміне барып, тегіңізді атаңыздың (әкеңіздің әкесі) атына ауыстыру жөніндегі арыз жазасыз. Бұл мекемеге тиісті құжаттар тапсырған соң, сізге тегіңіз ауыстырылған жаңа туу туралы куәлігін береді. Осы куәлік арқылы төлқұжатыңыздағы тегіңізді атаңыздың есімін жаздыруға мүмкіндік болады.

16 жасқа толып, жеке басыңызды куәландыратын азаматтық куәлік алар кезде, әкеңіздің құжатында әкесінің есімі жазылмаған болса, сізді (тегіңізді) атаңыздың  атына жазып бере алмайды.
08.09.2013
өкінішті;(
Тегіңді атаңның есімімен атағың келсе құжат жинап, тапсыр. Көп уақыт алмайды.
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы