Менің әкемнің төлқұжатында әкесінің аты жоқ екен, енді мен төлқұжатымда тегімді атамның атына өзгерте аламын ба ?

+1 дауыс
702 қаралым

Менің әкемнің төлқұжатында әкесінің аты жоқ екен, тек аты және тегі жазылған. Енді мен жақында 16-ға толып, төлқұжат аламын. Сонда тегімді атамның атына өзгерте аламын ба ?

P.S қазір тегіме атамның атасының аты жазылған. 

• Санаты: Тұлға, Адам

1 жауап

0 дауыс
ОЛ үшін АХАЖ бөліміне барып, тегіңізді атаңыздың (әкеңіздің әкесі) атына ауыстыру жөніндегі арыз жазасыз. Бұл мекемеге тиісті құжаттар тапсырған соң, сізге тегіңіз ауыстырылған жаңа туу туралы куәлігін береді. Осы куәлік арқылы төлқұжатыңыздағы тегіңізді атаңыздың есімін жаздыруға мүмкіндік болады.

16 жасқа толып, жеке басыңызды куәландыратын азаматтық куәлік алар кезде, әкеңіздің құжатында әкесінің есімі жазылмаған болса, сізді (тегіңізді) атаңыздың  атына жазып бере алмайды.
өкінішті;(
Тегіңді атаңның есімімен атағың келсе құжат жинап, тапсыр. Көп уақыт алмайды.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
127,753 сұрақ
322,322 жауап
153,150 пікір
72,778 қолданушы