+1 дауыс
1.0k көрілді
Мен интернетте откан кезде коптеген рекламалар шыгады, солардын ішінде мені кызыктырган "гипноз любви" деген журнал. Сол журналда адамды калай билеп алудын жолы жазылган озіне гашык кылып аласын сосын ол адам сенен кете алмайды деген... сол рас па?

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Рас емес. Жалпы, бұндай магиялық, гипноздық әрекеттер адамгершілік тұрғыдан әділетті қадам емес, ал діни тұрғыдан - күнә болып табылады.

Адам ғашық болмаса, оны жаулап алудың жолын іздеудің қажеті жоқ, меніңше.

 

Е, қарағым көпті көрген бізге сен,

Қателестің, жалғыз бақыт - ол десең!

Сүймеді ме, бір-ақ сілте қолыңды,

Сүйер адам табылады, іздесең!

 

Қ. М. Ә.
Кешіріңіз, бұл менің жеке пікірім. Басқа адамдардың пікіріне сәйкеспеуі мүмкін. :)
сізге сурак коюга болады ма?
Иә, менің назарым Сізде.
сіз бір адамды катты жаксы коресіз бірак ол сізді ренжіте береді, сіз кешіресіз бірак істеген кылыктары сізге маза бермей "мен неге олай жасадым екен ?неге кешіре беремін" деген сурактар маза бермейди айрылысайын десеніз баскага кимайсыз, озініз киналасыз, не істейсіз коніп журе бересіз бе?
Мм. Пікірімді білу мақсатында, сұрақ қойғаныңызға рақмет. Бұл жерде сіз бен менің көзқарасым сәйкеспейтінін айта кетейін.

Жүрек алып ұшып, дамылсыз соғуда ма?
Ол махаббат емес, ол — ғашықтық.
Бір-біріңнен физикалық тұрғыдан да алыстау қиын ба?
Ол махаббат емес, ол — құмарлық.
Сүйіктіңе қарап өзіңді зор санайсың ба?
Ол махаббат емес, ол — сәттілік.
Онымен үнемі бірге болғың келек ме?
Ол махаббат емес, ол — жалғыздықтан.
Онымен бірге болғанды моральдік міндет санайсың ба?
Ол махаббат емес, ол — адалдық.
Оны ренжітіп алмау үшін, қолдап жүресің бе?
Ол махаббат емес, ол — аяушылық.
Онымен тек бір сәттік ләззәт үшін бірге болғың келеді ме?
Ол махаббат емес, ол — сенімсіздік.
Оған тиесілі екеніңді ғана мойындап жүре бергенді жөн санайсың ба?
Ол махаббат емес, ол — шектен шыққан әдет.
Оның бар қатесін оңай кешіре саласың ба?
Ол махаббат емес, ол — достық.
Өмірде жалғыз ойлатыным тек сол ғана дегенді құптайсың ба?
Ол махаббат емес, ол — өтірік.
Ол үшін барыңды қиюға әзірмісің?
Ол махаббат емес, ол — жомарттық…

Ешкім үшін қиналмаймын, ешкім үшін уайымдамаймын, сол сияқты мен үшін де ешкімнің қиналып, уайымдағанын қаламаймын. Бәрі де уақытша екенін жақсы түсінемін, сондықтан уақытша азғантай ғұмырда түсінушілікпен өткізуден басқа вариант жоқ.
жауабынызга тантімін сіздей досым болса гой жазып емес оз ойымды козбе коз жеткізіп отыратын... сал болсада козім ашылгандай, арасында катты айтылган создер бар бирак нагыз шындык,  рахмет сізге!
Пікір пайдалы болса, мен қуанамын. Әрқашан тек жақсылық тілеймін! Рақмет, амиго. :)

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
5 жауап
Bimon 29.11.2013 Денсаулық сұрақ қойды
–1 дауыс
3 жауап
Белгісіз 7.08.2013 Салт-дәстүр туралы сұрақ қойды
...