Мм. Пікірімді білу мақсатында, сұрақ қойғаныңызға рақмет. Бұл жерде сіз бен менің көзқарасым сәйкеспейтінін айта кетейін.
Жүрек алып ұшып, дамылсыз соғуда ма?
Ол махаббат емес, ол — ғашықтық.
Бір-біріңнен физикалық тұрғыдан да алыстау қиын ба?
Ол махаббат емес, ол — құмарлық.
Сүйіктіңе қарап өзіңді зор санайсың ба?
Ол махаббат емес, ол — сәттілік.
Онымен үнемі бірге болғың келек ме?
Ол махаббат емес, ол — жалғыздықтан.
Онымен бірге болғанды моральдік міндет санайсың ба?
Ол махаббат емес, ол — адалдық.
Оны ренжітіп алмау үшін, қолдап жүресің бе?
Ол махаббат емес, ол — аяушылық.
Онымен тек бір сәттік ләззәт үшін бірге болғың келеді ме?
Ол махаббат емес, ол — сенімсіздік.
Оған тиесілі екеніңді ғана мойындап жүре бергенді жөн санайсың ба?
Ол махаббат емес, ол — шектен шыққан әдет.
Оның бар қатесін оңай кешіре саласың ба?
Ол махаббат емес, ол — достық.
Өмірде жалғыз ойлатыным тек сол ғана дегенді құптайсың ба?
Ол махаббат емес, ол — өтірік.
Ол үшін барыңды қиюға әзірмісің?
Ол махаббат емес, ол — жомарттық…
Ешкім үшін қиналмаймын, ешкім үшін уайымдамаймын, сол сияқты мен үшін де ешкімнің қиналып, уайымдағанын қаламаймын. Бәрі де уақытша екенін жақсы түсінемін, сондықтан уақытша азғантай ғұмырда түсінушілікпен өткізуден басқа вариант жоқ.