+2 дауыс
Менің көршімнің бақшасына Билайн байланыс операторының вышкасын орнатқан болатын. Көбісі оны денсаулыққа зиян деп айтып жатыр. Оны қайта алғызып тастауға болама? Қайта алып тастау үшін не істеу керек?
08.09.2013 550 қаралым

2 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Бұны алғызып тастау үшін, СЭС адамдарын шақырыңыз, олар сол антеннадан тарайтын электромагниттік толқынның жиілігін өлшеп, ҚР СЭС электромагниттік нормаларына сәйкесе ме, соны анықтап береді. Егер норма болса, онда зияны жоқ. Себебі, бұндай толқындар күн сәулесінен де тарайды, яғни нормадан аспаса зиян емес. Егер нормадан асса, сол СЭС-тен алған анықтама көмегімен, облыстық прокуратураға шағым түсіре аласыз.
08.09.2013
+1 дауыс
Ол үшін сол жерде тұратын тұрғындар облыс әкімі мен Минтранском-ға арыз жазулары керек.
08.09.2013
127,961Сұрақ
322,896Жауап
153,169Пікір
73,017Қолданушы