Плутон планетасы қалай табылды?

0 дауыс
1.3k қаралым
Плутон планетасы қалай табылды? Ең алғаш қай ел тапты оны әуеде?
Мектеп

2 жауап

+2 дауыс
Жақсы жауап
1930 жылының ақпан айының 18 жұлдызында жас астроном Клайд Томбо Американың Ловвелов обсерваториясында зерртеу жасап, Плутонды ашқан.

http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D0%BB%D1%83%D1%82%D0%BE%D0%BD_(%D1%88%D0%B0%D2%93%D1%8B%D0%BD_%D2%93%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D0%BC%D1%88%D0%B0%D1%80)
+1 дауыс
ПЛУТОН 1930 жылы 18 ақпанда Клайд Томбо Американың Ловелл обсерваториясында Күн жүйесінің тағы бір жаңа планетасын тапқан еді. Бұл Планета ПЛУТОН деген атқа ие болды. Ірі телескоптар көмегімен алынған фотосуреттерде ол кішкентай ғана әлсіз жұлдыз тәрізді көрінеді. Оның диаметрі 3000 километрге жуық. Ол Күннен шамамен 6 млрд километр қашықтықта баяу қозғала отырып,оны 248 жылда бір айналып шығады. Плутон-Күн жүйесіндегі планеталардың ең кішісі болып есептеліп келген еді. Алайда соңғы зерттеулер нәтижесінде алынған планеталар Әлемі жөніндегі дәлелді мәліметтер негізінде Халықаралық астрономиялық одақтың шешімімен(Прага,тамыз,2006ж.)Плутон ,,ергежейлі планета'' аталып,оған ресми астероидтық 134340 нөмірі берілді.

Ұқсас сұрақтар

127,678 сұрақ
322,184 жауап
153,247 пікір
72,701 қолданушы