+1 дауыс
3.9k көрілді
1) Хром қандай жемістер, өнімдерде болады? 2) Хром жетіспеушіліктің белгілері қандай?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
1) Хром мынадай өнімдерде болады:

жаңғақтар:-бразилия жаңғағы, орман жаңғағы;  көкнәр(мак); кептірілген құрма, күнбағыстың тұқымы; сүт, қышқыл  сүт өнімдері, ірімшік, жұмыртқа, бұзаудың және сиырдың бауыры, құстың еті, түйінді пияз, топинамбур, картофель, бұршақтар, шие, қаражидек, қараөрік, алмұрт, қызанақ, қияр, теңіз балығы, ұлу;

2)  Егер сіздің ағзаңызда хром жеткіліксіз болса, сізде мынадай белгілер болады: -семіру немесе салмақ жоғалту, шаршау, ұйқының бұзылуы, мазасыздық, бас ауыруы.
+1 дауыс

Хром - адам организміне қажетті микроэлементтердің бірі.Ол жүрек, қан - тамырлардың жұмысын жақсартады.Адам күніне тек қана 150 мг хром тұтынуы қажет.Әсіресе,қарт адамдарға,жүкті әйелдерге,диабетке шалдыққандарға өте пайдалы.Хром жануарлардың және құстардың бауырларының құрамында болады.Организмде хромның жетіспеушілігі қандағы холестериннің көбеюіне алып келеді.

Өндірістік кәсіпорындар арқылы тарайтын улы ауаның ішінде хром бар екені белгілі.Сол ауа арқылы хромды мөлшерден артық тұтынған адам өкпе рагына және бронхиалық астмаға ұшырауы мүмкін.

...