+2 дауыс
9.4k көрілді
Зар заман ақындарына М.Әуезов қандай баға берді?
8 сынып кітабында  бар)

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

1922 ж. жазған «Қазақ әдебиетінің бүгінгі дәуірі» атты тарихи-әдеби сын еңбегінде әдебиеттің еткен дәуірлеріне қысқаша шолу жасап, жазба әдебиеттің басын, басталу кезеңін «кешпелі дәуір әдебиеті» деп атаған еді. Кейінгі «Әдебиет тарихы» атты кітапта жазушы осы ой-танымын ары қарай кеңейтіп, дамытып, «көшпелі дәуір» деген жалпы атауды нақтылай түсіп, ол кезеңдегі әдебиетті «Зар заман ақындары» деп атайды. Бұл атауды автор Шортанбай ақынның заман халін айтқан бір өлеңнің аты болса да, «Шортанбайдың өлеңі ілгері соңғы ірі ақындардың барлық күй, сарынын бір араға тұтастырғандай жиынды өлең болғандықтан, бүкіл бір дәуірде бір сарынмен өлең айтқан ақындардың барлығына «Зар заман ақындары» деген ат қойдық деп түсіндіреді.Зар Заман Ақындары – қазақ әдебиеттану ғылымына алғаш рет (1927) М.Әуезов енгізген термин, зар заман кезеңінде ғұмыр кешіп, отарлық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң-зармен жырлаған ақындар шоғыры. Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілдері: Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері, Албан Асан, т.б. Әуезов Зар заман ақындары дәуірін Абылай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып, Нарманбетпен аяқтайды. Зар заман ақындары тұсынан қазақ әдебиеті жазбаша сипат алатынын атап көрсетеді. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан құндылықтардың өзгеруі, елді басқару жүйесінің басқа сипатқа ауысуы, отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты күйзелуі Зар заман ақындарын тарих сахнасына шығарған. 

 

0 дауыс
1927 жылы кітап болып шыққаны болмаса, еш жерге таратылмаған, оқытылмаған М.Әуезовтің «Әдебиет тарихына» зер салсақ, «Зар заман деген XIX ғасырда өмір сүрген Шортанбай ақынның заман халін айтқан бір өлеңінің аты. Шортанбайдың өлеңі ілгергі, соңғы ірі ақындардың барлық күй, сарынын бір арнаға тұтастырғандай жиынды өлең болғандықтан, бүкіл бір дәуірде бір сарынмен өлең айтқан ақындардың барлығына «Зар заман ақындары» деген ат қойдық. Зар заман ақындарының алғашқы буыны Абылай заманынан басталған, арты Абайға келіп тіреледі. Зар заман дәуірі толық жүз жылға созылады» [1,192б.] деген анықтаманың айтары әбден анық.
0 дауыс
Зар заман тагы кандай толгаулар бар
...