Негізі есепшотпен де, түрлі депозиттермен де айналысатындар екінші дәрежелі банктар. Олардың жүргізетін жарнамаларын есептемесек, бір-бірінен алып бара жатқан айырмашылықтары да шамалы, жоқтың қасы, әрі қазір банктердің барлығына жуық түрлі жағдайлардан (банкрот тағы с.с.) орталық қормен қауіпсіздендірілген. Сондықтан қай банкпен болса да есепшот, депозит ашуға келісімшарт жасаса берсе болады, дегенмен бұл жерде абай болатын нәрсе сол келісім шарттағы талаптарды, әсіресе майда әріптермен жазылғанын өте мұхият оқығаныңыз жөн. Себебі ертең сол банкпен келіспеушілік болып жатса, әрбір әріп, әрбір сөз өз құндылығын көрсетеді, ол жерде байқамай қалыппын деген еш көмектеспейді, мұхияттылық сол үшін керек. Банкті таңдағанда өзім ішкі факторларына қарағанда сыртқы қолайлылықтарына (үйге немесе офиске жақындығы, сыртқы көлік парковкасының ыңғайлылығы, кезектің көп ұстамайтындығы, өзімді бақылайтын менеджерімнің төменгі қабатта болуы сияқтылар ғой) мән бергенді жөн көремін. Ал депозитке көбірек салсаң түсім пайызы да көбірек болады, сол жағынан байқау керек болар. Есепшот ашу қазір көп банктерде клиент тарту мақсатымен тегін жүргізіледі, ақылы болғанда да жоғары баға бола қоймас.