+1 дауыс
2.5k көрілді
Ислам банкi дегенде ойыма шаригатта тиым салынған нәрселер оралып отыр. Қызық, ислам банктерi қалай жұмыс iстейдi? Несиге ақша бере ме? Депозиттерi қандай?
СЖ-ны ұнатқаным-ай,
тiркелiп тұрақтадым-ай.
Жанымды жабырқатып тұр,
жауапсыз сұрақтарым-ай((
Ооо ақын! Жауап бермесек болмас мынандай өлеңнен кейін!
Белгісіз

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Несиеге ақша береді. Кепілге зат қалдырып өте төмен пайызбен аласыз. Ислам банкі әлемнің алпауыт компанияларын қаржыландырып, тың идеяларға қаржы аямайды!Мынаны оқып көріңіз!

Соңғы жылдар әлемде болсын, елімізде болсын «ислам қаржы нарығы» туралы көп әңгіме өрбіп келеді. Ислам қаржы нарығы, ислам экономикасы, жалпы шариғатқа сүйене отырып жұмыс істейді. Ал шариғат, барлық ислам қауымының қалай жүріп тұруын, жалпы алғанда өмірлік қағидаларын айқындап көрсететін жол.
Шариғат нені істеу керектігін ғана білдіріп қоймай, сонымен қатар нені істемеуді де анықтап береді. Сондықтан «ислам қаржысы» немесе «ислам экономикасы» дегенде, бірінші кезекте шариғат тиым салған кейбір не нәрселерден ұзақ тұру деп түсінген жөн. Ал шариғат ұстанымына сай жұмыс істеу дегенімізді жетік түсіну үшін, нелерге тиым салынуда және “неге” деген сұрақтарға жауап беру керек.
Біріншіден шариғат заңына сай жұмыс істейтін қаржы ұйымдары, «харам» яғни тиым салынған іспен айналысатын кәсіп орындарын, өндірістерді қаржыландырмайды. Бұл кәсіп орындарға немесе өндірістерге мыналар жатады: шошқаның еті қолданылатын өнімдер, алкогольді ішімдіктер, халал емес тамақ өнідірісі, қару жарақ өндірісі, пайыздық үстем ақы арқылы пайда табатын компаниялар және тағы басқалары.
Екіншіден исламдық қаржы мәмілелерінде тиым салынған ұғымдар бар. Шариғат бойынша кез келген мәміле, тек қана екі жақтың толық келісуімен ғана жүзеге асырылады. Келісім бойынша ешқандай харам болмауы керек. Енді осы харамдар туралы тоқтала кетейік.

Олар негізі үшеу: «риба» (өсім алушылық), «ғарар» (белгісіздік, нақтылықтың болмауы), «майсир» (спекулятиция, азарт). Осылардың ішінен «рибаға» кеңірек тоқтала кеткен жөн, себебі бұл мәселенің маңыздылығы зор және бүгінгі таңда өзекті жағдай.
«Риба» яғни «өсім алушылық». Ислам, ақшаны тек алып сатуда қолданылатын, бір тауардың бір қолдан басқа бір қолға өтуінде қолданылатын сайман немесе айырбас құралы ретінде қарастырады. Сондықтан да ақша, бүгінгі күндегідей өзі тауарға айналмауы керек.
Ислам қаржы ұйымдары өсім алушылықтан аулақ тұратындықтан, еліміздегі көпшілік ағайын «ислам банктері ашылса, пайызсыз ақша береді екен» деп алақандарын сыбап жүр. Ал кейбіреулері тіпті «ол ислам банкі пайыз алмайтын болса, қалай пайда табады» деп күдіктеніп жүреді. Қанша ислами қаржы ұйымы болсын басқасы болсын, түптің түбінде кез келген қаржы ұйымының негізгі мақсаты пайда табу болып саналады, сондықтан «ислам банктері» немесе басқада ислам қаржы ұйымдары пайда табу мақсатында құрылады және соған сай жұмыс істейді.
«Сонда олар қалай пайда табадыға» келер болсақ, жалпы экономика ғылымында табыстың үш түрі болады, олар қолыңдағы бір мүлкіңді жалға беру арқылы келетін табыс, екіншісі қолыңдағы ақшаны іске қосып сол арқылы түсетін пайда табысы, және ақшаны сату арқылы түсетін үстем ақы табысы (өсім). Ислам экономикасы осы табыстың үш түрінен, тек қана ақшаны сату арқылы түсетін үстем ақыға (өсім) тиым салады. Себебі бұл жағдай, ол келісім шартқа отырған екі жақтың бірінің, екінші жақтың арқасында әділетсіз пайда табуына жол ашады.
Дәстүрге енген банктік жүйе, нарықтағы қолында қаражаты бар жеке немесе заңды тұлғалардан қаражатты алдын ала бекітілген пайыздық ставка арқылы алып, оны қаражат керек заңды немесе жеке тұлғаларға келісім шарттың аясында алдын ала бекіткен пайыздық ставка арқылы берумен айналысады. Осы екі пайыздық ставка (депозиттің пайыз мен несиенің пайызы) арасындағы айырмашылық банктің пайдасын құрайды. Әрине банктің пайдасы бұнымен шектеулі емес, сонымен қатар олар өз клиенттеріне ұсынатын басқада қызметтерден (ақша аударымы, волюта алып сату, есеп шот ашу, есеп шотқа кызмет көрсету, пластикалық карта сату т.с.с.) комиссия алу арқылы да пайда табады
Ал ислам банкі депозитті алғаннан бастап өзгешеленді. Ислам банкінің депозиті екі түрлі болады, біріншісі ешқандай ақысыз, бірақ сол соманы сақтау кепілдігін беретін жинақтаушы депозиті, ал екіншісі инвестициялық депозит. Инвестициялық депозитке салған жеке немесе заңды тұлға, банкпен бірге, ол қаражатты қолданатын компаниямен серіктес болады және барлық тәуекелдер мен пайданы өз ара үлестіреді. Бұл банктердің негізі функциясы болып табылатын, экономикалық тұлғаларды несиелендіру тұрғысынан көзге түсетін өзгешеліктері.
Ал бұдан басқа ислам банкі де, қарапайым банктер сияқты өз клиенттеріне комиссиялық төлемдерге негізделген қызметтерді ұсынады.
Исламдық қаржыландыру мәмілесінде нақты бір активтің қол алмастыруы шарт, немесе мәмілеге келіскен екі жақ, сол мәміле барысында туындайтын тәуекелге де, пайдаға да ортақтаса кіру арқылы жүзеге асуы керек. Яғни ислам экономикасы қаржыны, өнідіріс саласына жақын ұстайды, бұл өз кезегінде экономиканың саулықты жұмыс істеуінің кепілдігі болып табылады. Бүгінгі әлемді шарпыған қаржы дағдарысының түбінде , қаржы нарығының нақты өндіріс нарығынан қатты шалғай кетуі жатыр деген пікір қалыптасып келеді. Шындығында, әлемдегі барлық мемлекеттер 60 триллион доллар тұратын өнім өндірген болса, қаржы нарығында айналымдағы қаржының мөлшері 500 триллионның шамасын құрайды. Сондықтан бұл қалыптасқан жүйе, бүгінгі дағдарыста тек қана қаржылық ұйымдарды ғана банкротқа ұшыратып жатқан жоқ, сонымен қатар мемлекеттерді де банкротқа ұшыратып жатыр (Исландия, Ирландия және соңғы мәліметтер Австрия мемлекетінің де осы қауіптің шегіне жеткендігін көрсетуде).
Біздің мемлекетіміз де бұл дағдарыстан өз нәсібесін алып жатыр. Сондықтан да бүгінгі күні біз үшін сын күні. Біз экономикамыздың қаражат көзін, жалпы жүйесін әртүрлілендіруіміз керек. Сондықтан осыдан бір жыл бұрын басталған Қазақстанда ислам қаржы нарығын дамытуға бағытталған іс шаралар, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауының арқасында өте қарқынды дамып келеді. Бұның нәтижесінде «ислам заңы туралы» заң жобасы ағымдағы жылдың ақпан айында Елбасы тарапынан қол қойылып күшіне енді. Елбасының соңғы Араб Әмірліктеріне жасаған іс сапарында, сол мемлекеттің бір ислам банкімен, Қазақстанда бірінші ислам банкін ашу туралы келісіп қайтты. Бұдан бұрындары да бір екі банк елімізде ислам банкін ашу туралы іс шараларын бастатқан болатын. Осы жылдың соңына дейін екі ислам банкі қызмет көрсетуін бастауы керек деп күтілуде.
Жауапқа рахмет. Ал бұл ислам банктерiнiң болашағы қандай ?
пайызы төмен тірегі мықты банк оңайлықпен құламайды! Болашағы бар!Қайта қазіргіден де кең көлемде дамып мына Қазақстандағы теспей соратын банктерді ығыстырып шығарына сенімдімін!
Белгісіз
0 дауыс
Үй салуға несие береді ме?
+1 дауыс
Ислам банк жастарға қалаған үйін сатып әперіп, сол үй ислам банктің атында тіркеуде болады.Ал үйді алған клиент өте ұзақ мерзімде пайызсыз несиесін қайтарып құтылған соң, үйді өз атына аударып алады. Арада төлей алмай қалған жағдайда демалысы да қарастырған. Ол үйді алған адам қинамалмайды. Бұл өте жақсы көмек.
Рахмет  Elita! Осы Ислам банкке жазда құрбым екеуміз барғанбыз,  құрбыма ақша қажет болып. Біз тек кәсіпорындарға , шағын бизнеске несие береміз, жеке адамдарға бере алмаймыз деп шығарып салған сонда
0 дауыс
Мен жеке касипкермин.косметика буйымдарын сатам.Кызылорда облысында турам.мфо.дан просрочкам бар ягни кредиттик тарихым дурыс емес.кредит бериле ма Маган жане кызылордада бар ма филиалдарыныз
...