0 дауыс
1.9k көрілді
Маған Асқар жүнісбековтың Толғанай әнінің Сөзі Мен Әнін Жазған Адамды Тауып бересіздерме? Және Толғанай Әнінің Сөзі керек?

2 жауап

+2 дауыс
Құрманай Бақтиярқызы сөзін жазған...әнән білмедім...
+2 дауыс
Толғанай әнінің тексті:

 

1.    Айдай боп нұр берген күлкіңнен күн көргенімсің,
       Табиғат жіберген  сұлуым - Толғанай.
        Жаныма нәр берген  жүрекпен шын сүйгенімсің,
        Толықсып көрінген айымсың - Толғанай.

Қайырмасы:
Толғанай, Толғанай.
Бақыт құс қонған-ай
Толғанай, Толғанай
Сен болсаң болғаны-ай.
Жанымды арбады-ай.
Сезімнің  жанғаны-ай.
Жанымсың, бағымсың, аруым - Толғанай.

2.    Қиылған қасың бар керілген сен асылымсың,
       Өрілген шашың бар аруым - Толғанай.
       Сезімім ашылған берілген  сен ғашығымсың
       Көңілім тасыған өзіңмен - Толғанай.

3.    Тұп-тұнық  көзіңмен  еркелеп сен баурағансың,
       Бақытқа қол жетпес баладым - Толғанай.
       Ерекше сезіммен жүректі сен жаулағансың,
       Өмірлік теңіме санадым - Толғанай.
...