0 дауыс
18.3k көрілді
Денеге шыққын ақтаңдақтан қалай айрылуға болады? қандай дәрі-дәрмек қолдансақ болат ?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Ақтаңдақ ( пигментті дақтар) теріде туа болады, сондай-ақ организм қызметіндегі әр түрлі ауытқуларға байланысты немесе сыртқы факторлардың (күюден, үсуден кейін) ықпалынан да болуы мүмкін. Әр түрлі ақтаңдақ бүйрек безі ауырған кезде (қола ауруы), организмге никотин қышқылы, сондай-ақ витаминдердің В тобы (неллагрф күрт жекелей қалған жағдайда да пайда болады.

Ақтаңдақ пайда болуының бір түрі хлоазма деп аталатын — формасы әрқилы болып келетін сарғылт-қоңыр дақтар; әдетте олар маңдай, мұрын, жақ, мойында симметриялы түрде орналасады. Хлоазманың пайда болуы ішкі секреңия бездері қызметінің бұзылуына (негізінен аналық бездердің), бауыр, ішекқарын жолдары органдарының ауруына, қанның азаюына, жөнді тамақтанбауға, ішек құрттарына және т. б. байланысты. Ақтаңдақ әйелдерде, көбінесе, екі қабат кезде пайда болып, босанғаннан кейін кейде кетпей қалып қояды.

Бет жағы құрғақ қабыршақтанып тұратын сарғылт-қоңыр дақтардың шынтақ пен тізе айналасында шығуы тарамда А витаминінің жетіспеушілігінен болуы да мүмкін. Кейбір адамдарда мұндай дақтар мен теңбілдер белдіктің, әйелдердің көкірекшесінің (лифчик) қатты қысуынан да пайда болады. Теріге жайылған қара-сұрғылт теңбіл (өндірістік ақтаңдақ) фенолмен жұмыс істеген кезде, сондай-ақ кейбір көмірқышқыл буларымен дем алғанда немесе құрамында күшәла бар препараттарды ішкенде пайда болуы ықтимал. Кейбір адамдардың терісі ультракүлгін сәулелерге өте сезімтал келеді де, көктемгі күннің әсерінен оларда пигменттік дақтар — секпілдер пайда болады. Сыртқы факторлардың әсерінен пайда болған ақтаңдақ біраз уақыт өткен соң кетуі мүмкін.

Емдеу

Ақтаңдақты тұрғылықты жерде дәрігерлік — косметологиялық мекемелерде емдейді. Үй жағдайында лақтың түсін аздап кетіру үшін теріні простоквашамен, ащы айранмен немесе сутегі тотығының 3 проценттік ерітіндісімен сүртуге болады. Хлоазма пайда болған кезде жазғы уақытта теріні қияр, қарақат шырынымен, асхана сірке суына салынған желкек тамырының тұнбасымен сүргеді. Ақтаңдықтың көзге айқын көрініп тұруын Мелан, Ахромин, Молочай сияқты арнайы кремдермен басуға болады. Крем жағардың алдында бетті жуу немесе бет терісін лосьонмен тазалау керек. Кремді дақтың үстіне ғана жағады. Бір-екі сағаттап кейін кремнің қалдығын сулы мақтамен сүртін тастаған жөн. Жуынудың қажеті жоқ. ЖБытыратыл тұратын кремдерді күндіз жағуға болмайды, өйткені күн сәулесінің әсерінен, бұл кремдер кейбір адамдардың терісін қатты тітіркендіріп және ақтаңдақты күшейтіп жіберуі ықтимал. Үй жағдайында жаратын дәрі-дәрмекті адамдардың өздері дайындал ала алады. Ол үшін бір қасық лимон шырыны мен асқа пайдаланатын сірке суын араластырып, оған 2 шай қасық қайнаған су қосады. Мұндай қоспамен бетті күн сайын сүртіл тұру керек. Сондай-ақ бетті кесілген лимонмен, қиярмен, кефирмен, аныған айранмен сүртіл, сонан соң жуады да, опа жарады. Ақтаңдақты толық кетіру үнемі мүмкін бола бермейді, дегенмен бір-екі ай бойы дәрідәрмекті үзбЬй жағыл жүру айтарлықтай әсер етеді.

Кун сәулесіне әсерінен ақтаңдақ көбейіп кегетіндіктен көктем және жаз айларында теріні қорғау үшін арнайы кремдерді пайдалануға кеңес беріледі. Крем деген мақаланы қараңыз

...