Жазушы Дэн Бюттнер «Көк аймақ тәжірибеде: Қалай ұзақ өмір сүруге болады» кітабында ұзақ және бақытты өмір сүру жолын толығымен айтады. Құпиялардың бірі үнемі жаңа нәрсені үйрену және әркет ету.
Көп уақытыңызды бір идеяны талқылауға немесе жаңа нәрсені үйренуге арнау өте маңызды. Алайда, сіз оқытудың әртүрлі әдістеріне жүгінуіңіз керек.
Егер сіз тек кітапты оқып жатсаңыз, миыңыз белгілі бір айналымда жұмыс істейді. Бұл сіздің жадыңыздың тезірек дамуына септігін тигізеді.
Әр адамның өз оқу жүйесі бар. Күрделі жағдайларда біз қосалқы әдістерге сүйенеміз. Бірақ кейбір дүниелерден бас тартып және одан аулақ боламыз.
Оларға мыналар жатады:
Оқытудың қосымша әдістерін қараңыз, сонда сіздің миыңыз тез және жақсы жұмыс істейді.
Бала кезіңізде көзіңізге түскен затты сұрап, қорықпай ұстап, байқап көретінсіз. Дәл сол уақытта сіздің миыңыз даму үстінде болды. Өкінішке орай, уақыт өте келе адамдар жаңа әрекеттер мен тәжірибені тоқтатады. Себебі адам есейген сайын оның бойында үрей пайда болады. Бұл дұрыс емес. Күн сайын жаңа нәрсені үйренуге талпыныңыз. Мысалы:
Бұл мидың жұмысын жақсартуға арналған тәжірибенің бірі. Дегенмен, тек бір ғана техникаға сүйеніп, тілдерді үйренуге болмайды. Мұны қалай жасауға болатыны туралы бірнеше кеңестер берілген:
Бұл кеңестерді тәжірибеде неғұрлым көп қолдансаңыз, соғұрлым нәтижесін көресіз. Күніне бөлінген 15-30 минут уақытыңызды барынша белсенді оқуға жұмсасаңыз, ойлау жүйеңіз кеңейеді.
Бұл миға өте пайдалы. Оқу процесін бейне ойындарға айналдыруға тырысыңыз. Мысалы, тапсырмаларды немесе мақсаттарды белгілі бір уақытта орындау керектігі жайлы миыңызға белгі беріп, алдыңызға кішігірім жоспарлар қойыңыз. Телефондағы қолданба арқылы фортепиано ойнауды үйреніңіз. Бұл көңілді және мазмұнды.
Толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз.