+2 дауыс
2.8k көрілді
Сүйісу қай жерден пайда болған және Қазақстанға қалай келді?

3 жауап

+4 дауыс
Сүйісуді кім ойлап тапты деп ойлайсыз?

Сүйісуді кім ойлап тапты деп ойлайсыз? «Әрине, адамдар!» дерсіз. Махаббатқа мас болған екеудің ақылы тұманданып, бойларын сұмдық бір құштар сезім билегенде, еріктерінен айырыла елітіп барып ерніне ерін тигенде, есінен тана ләззат алатыны адамға тән сезім екені рас. Тілсіз «тілмен» айтқанда бұл «Мен — сендікпін, сен — мендіксің!» дегенді білдірсе керек. Адамдардікі түсінікті, жан-жануарлар мен құстар да сүйіседі, олардың да түсінігінде сүйісу дәл осы мағынаны береді дегенге сенер ме едіңіз?

Екі жағдайда да сүйісуге ықыласты оятатын ынтықтық сезім. Алайда жануарларда әлгі «сен мендіксің» дейтін меншіктеудің ақырында «мөлдір махаббат» емес, шағылысу алдындағы шартты инстинкт жатса, адамдарда шауқат шашумен ғана тына қалмайтын «шатақ» сезім — махаббат деген нәрсе бар. Жануарлар ерні бары ернімен, ерні жоғы (құстар) тұмсығымен «емінте сүйіскенде» Жаратушы сыйлаған «сегізінші» сезіммен көңілі кеткен «көкетайына» биохимиялық экспресс-анализ жасап үлгереді екен. Яғни осы сәтте «сүйіктісінің» «сүйкенуге» зауқы бар-жоғынан бастап, екеуінің (тұрақсыз да болса) «махаббатынан» қандай бала дүниеге келуі мүмкіндігі де ерінмен-ақ зерттей қояды. Сүйісу олардың ерні бар ма, жоқ па, денесі ірі ме, ұсақ па, қарамайтынға ұқсайды. Тіпті басқаны қойғанда, жануарлар арасында ең бір ебедейсіз деп есептелетін жирафтар да мұндай ләззаттан кенде емес көрінеді. Бұдан «махаббат тек ірі жануарларға ғана тән екен» деген ой тумаса керек. Өйткені көзге әрең көрінетін бүргелердің өзі «Сен дегенде қалқатай ойым бөлек» деген сезімін білдіруге қабілетті. Әуелі бүрге өзінің «айнамкөзіне» жақындап келеді де қырындап, «албыраған ерніңнен бір сүйгізсең» дегенді би арқылы білдіреді. Алайда адамдар тәрізді сезімнің екеуге ортақ болмай қалатын кездері жан-жануарларда да кездеседі. Сондықтан егер әлгі «айнамкөзі» бұған «пішту» деп қарамай кетуі де әбден мүмкін. Онда ол «жаралы жүрегімен» махаббатын басқа жерден іздеуге мәжбүр.
Дегенмен махаббат мәселесінде адамнан кейін (мүмкін, адамнан да артық) ең тұрақты жұп құратындар аң-құстар арасында да бар. Мәселен, Оңтүстік Африкада өмір сүретін «айнымас ғашықтар» дегенге саятын атауы бар тотықұстар бір табысса, мәңгі ажырамай өмір сүреді екен. Сондай-ақ қай бір елдерде аққуды немесе сүйісіп тұрған қос көгершінді махаббат символы ретінде қабылдануының да осындай себебі бар болса керек. Өйткені жердің бетіне бар тіршілікті жұп-жұп қып жаратқан Жаратушы өзінің тіршілік иелерін қай-қайсысын да тәтті сезімнен ада еткісі келмеген.
+1 дауыс
Сүйісу адамның сәби кезіндегі ему рефлексінің ересек кездегі дамыған түрі. Бұл арқылы адамдар бір-бірін жақсы көретіндігін білдіреді.
+1 дауыс

Құрбым уатсапқа екі адамның сүйісіп тұрған суретін жіберіпті. Суретті көріп еріксіз жымидым. Хех, сүйісу. Фантазия деген атша шауып кетті.... Кіршіксіз, сондай таза, махаббаттың ләззатына терең бойламаған, құдды жасқанып тұрғандай, жағымды оқиғалардың сәулесін бойына сіңірген, ешкімде шатағы жоқ, бір деммен сабырлы түрде орындалып жатқан процесс, тым пәк. Аты да сондай қарапайым, теңіздің жанында шашыңды сәл ұшыртып, бетіңе ернінің ұшын тигізер тигізбестен жалап өткен жылы самалға ұқсайды. Сүйісу. Түкке тұрмайтын күйкі тірліктің сергелдеңінен тым алыс, бензин мен доллардың еркін айналымда жүргеніне назар да аудармады, өзімен өзі бір әлем жасап тұр, оның еркіндігінің жанында доллар мен бензиннің еркіндігі «чепуха» дерсің. Ғажап, бұл үрдіске дым керек емес екі адамның ерні болса жеткілікті.

«My life, mu rules» ұранын тым жақсы көретін еркектердің көбейіп кеткені соншалық сүйісудің шапағатын біржыныстылар да көріп жүр, пәтшағарлар! Менің айтып отырғаным ондайлардың арасындағы емес, қыз бен жігіт арасындағы «сүйісу». Себебі ол таза, ал аналардікі пасық. (Табиғатқа қарсы шығып нелері бар десейш). Мен айтып отырған сүйісу Төлеген мен Жібектің махаббатындай берік, дәлірек айтсақ, Құман ағай мен Меруерт апаның сезіміндей.

Жібек пен Төлегеннің ортасында Бекежан бар, ол оқиға ұнамайды.(Төлеген өліп қалады) Соларды сомдаған актерлар жұбының өмірлері бақыттырақ, сүйісу одан да соларға тартсын. Ерінмен емес, жүрекпен сүйісу... Керемет.. Құдайдың құдыретінен кейін, екінші орында тұрған махаббатың құдыреті болса керек!

Жаратқанның құдыреті аспаннан келеді, оны сезбеу, көрмеу деген бос әңгіме, жүрегінде сенімі барлардың да, жоқтардың да тәубесіне бір минутта келтіретін тылсым күш. Ал жердегі құдырет, «махаббаттың құдыреті» қабырғаңа қатты бататын жалғыздықтан да, әлемді жаулап алғалы тұрған қатыгездіктен де, жылжыған уақыттан да, аунаған айлардан да, тоқылдаған сағаттан да, сенімсіздік пен жалғаннан, пендешілдік пен шындықтан да биік болуы, бензиннен тіпті доллардан да қымбат болуы хақ. Сүйіскім кеп тұрғаны – ай... Жүрекпен..

...