0 дауыс
850 көрілді
Компьютермен суреттер мен видеоларды жинап астына бір әдемі өлең қойып видео құрастыруга болады дейді. Буган кандай программа кажет және калай жасау жолдарын айтып жібересіздерма? Алдын ала рахмет!

3 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
1) Movie Maker (шәйнектерге арналған)
2) Adobe Premier Pro
3) Sony бірдеңе
4) Inter Video Creator
5) Camtasia Studio!
Болады деп айтқан адамға "Компьютер арқылы адам ағзасындағы бейтарап қозғалатын нейрондардың бағытын анықтауға болады да екен" деп айтып көріңіз:)
+1 дауыс
Жоғарыдағы Қарасақал дұрыс айтады. Алғашқысын Movie Maker-мен бастап жіберсе, өте жеңіл бағдарлама. Windowsтың Блокнот, ВордПад сияқты стандарт бірге келетін бағдарламаларының бірі. Артынан Pinacle Studio, Sony Vegas сияқты қызықты әрі орташа видео монтаждайтын/жасайтын бағдарламасын көруіңізге болады. Әсіресе, Pinacle Studio бағдарламасының қосымша бонус ДВД деген эффекттер жинағын қоса орнатып алсаңыз, көп түрлі қызықты фильтр, титр, эффекттер сияқты заттары орнатылады. Артынан Maya, Adobe Premiere, Adobe After Effect видео жасайтын монстр бағдарламаларын үйреніп жатсаңыз, нұр үстіне нұр. Бұл бағдарламалармен мықты роликтер, әдемі видеолық эффекттер жасауға болады. Бұлар графика әлеміндегі Фотошоп сияқты, Видео әлеміндегі мықты бағдарламалар.
+1 дауыс
Шамамен 4 жыл бұрын [Pinacle Studio][1] бағдарламасымен жасаған ролик (слайд деген дұрыс)))


[Видео][2]


  [1]: http://www.youtube.com/user/nurzhol123#p/u/3/NNvXi-XJCYo
  [2]: http://www.youtube.com/user/nurzhol123#p/u/3/NNvXi-XJCYo
...