Компьютермен суреттер мен видеоларды жинап астына бір әдемі өлең қойып видео құрастыруга болады дейді. Бұған қандай программа қажет және қалай жасау жолдарын айтып жібересіздерма?

0 дауыс
905 қаралым
Компьютермен суреттер мен видеоларды жинап астына бір әдемі өлең қойып видео құрастыруга болады дейді. Буган кандай программа кажет және калай жасау жолдарын айтып жібересіздерма? Алдын ала рахмет!
Жалпы ән туралы

3 жауап

+4 дауыс
Жақсы жауап
1) Movie Maker (шәйнектерге арналған)
2) Adobe Premier Pro
3) Sony бірдеңе
4) Inter Video Creator
5) Camtasia Studio!
Болады деп айтқан адамға "Компьютер арқылы адам ағзасындағы бейтарап қозғалатын нейрондардың бағытын анықтауға болады да екен" деп айтып көріңіз:)
+1 дауыс
Жоғарыдағы Қарасақал дұрыс айтады. Алғашқысын Movie Maker-мен бастап жіберсе, өте жеңіл бағдарлама. Windowsтың Блокнот, ВордПад сияқты стандарт бірге келетін бағдарламаларының бірі. Артынан Pinacle Studio, Sony Vegas сияқты қызықты әрі орташа видео монтаждайтын/жасайтын бағдарламасын көруіңізге болады. Әсіресе, Pinacle Studio бағдарламасының қосымша бонус ДВД деген эффекттер жинағын қоса орнатып алсаңыз, көп түрлі қызықты фильтр, титр, эффекттер сияқты заттары орнатылады. Артынан Maya, Adobe Premiere, Adobe After Effect видео жасайтын монстр бағдарламаларын үйреніп жатсаңыз, нұр үстіне нұр. Бұл бағдарламалармен мықты роликтер, әдемі видеолық эффекттер жасауға болады. Бұлар графика әлеміндегі Фотошоп сияқты, Видео әлеміндегі мықты бағдарламалар.
+1 дауыс
Шамамен 4 жыл бұрын [Pinacle Studio][1] бағдарламасымен жасаған ролик (слайд деген дұрыс)))


[Видео][2]


  [1]: http://www.youtube.com/user/nurzhol123#p/u/3/NNvXi-XJCYo
  [2]: http://www.youtube.com/user/nurzhol123#p/u/3/NNvXi-XJCYo
127,692 сұрақ
322,280 жауап
153,250 пікір
72,713 қолданушы