+2 дауыс
6.9k көрілді

Алтын күз туралы  ашық сабақ қажет? Алтын күз шығарма, тақпақ қажет?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Алтын күз.

Мақсаты: Күз туралы қазақ тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру.

Міндеттері: Күз келбетін сипаттап, күз айларын атай білуге үйрету. Сөз қорларын байытып, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Табиғатты аялауға, сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдістері: көрсету, тақпақтар, ойындар, сұрақ – жауап. Сабақтың көрнекіліктері:, тақырыптық, үлестірмелі суреттер, жеміс- тер мен көкөністер муляждары, себеттер және күз келбеті.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Білер қазақ баласы. « Сәлем – сөздің анасы» Алдымыздан кезіккен Көп танысты көреміз, Бәріне де ізетпен Біздер сәлем береміз.

ІІ. Ән әуенімен күз кіріп келеді (балалар қарсы алады) Амандасады. Мен кіммін ? Күз Қазір қай жыл мезгілі? Қазір күз мезгілі. Қандай күз айлары бар? Қыркүйек, қазан, қараша

ІІІ.Күз туралы тақпақ білесіңдер ме? Наташа Сары алтындай сары күз - Қамбадағы дәніміз. Шелек – шелек балымыз, Ағыл – тегіл ағымыз.

Катя Жайдары күз, жарқын күз, Аяулы күз, алтын күз. Дәнге толы ен далам Дариядай шалқып жүр. София Мейірлі күз, мырза күз, Сыйлығыңа ырзамыз. Аппақ арай таңыңда, Шомыламыз нұрға біз. Евгений Көк аспаның мөлдіреп, Алтын күзім елжіреп, Асыр салып жүре бер, Сары көйлегің желбіреп.

ІVСергіту сәті: Қыс – құнар береді, Көктем – дән себеді, Жаз – бастап, өсірсе Күз – жинап береді.

V. Тіл дамыту. Күз мезгілін қалай білеміз?

Маша Өрік, алма, шие, алша. Жидек, жүзім піседі. Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз, Дүкендерге түседі. Балалар Күзде күн суық. Күзде сары жапырақтар. Күзде алуан – алуан жапырақтар. Жапырақтар түседі. Құстар ұшып кетеді. Жемістер жинаймыз. Күзде жұмыс көп. Көкөністер жинаймыз.

VІ. Жұмбақ шешейік: Бойын жерге жасырған, Бұрымы бар жаылдан. ( Сәбіз) Қалың киімді ұнатады, Шешіндірсең жылатады. ( Пияз)

VІІ. Ойын « Кім жылдам ? » (Көкөністер мен жемістерді топтап себетке жинайды)

VІІІ. Үлестірмелі суреттер. (Аттарын атап, салыстырып түстерін, пішіндерін және сөз
тіркестерін айтады)

Алма – жеміс. Алма домалақ. Түсі қызыл. Дәмі тәтті. Қияр - көкөніс. Пішіні сопақша. Түсі жасыл. Шие – жеміс. Қызыл шие. Бес шие. Қышқыл шие. Мынау - сәбіз. Сопақша сәбіз.сары сәбіз. Үлкен сәбіз. Х. Күз: Астық пісіп, орақ түсіп, Қырман дәнге толады. Бөбектерім, айтыңдаршы бұл қай кезде болады? Балалар: Бұл күзде болады. Күз: Балаларға көп – көп рахмет айтып, қоштасып кетеді.

0 дауыс
Мақсаты:
1) Алтын күз мерекесін өткізу.
2)Күз туралы түсініктерін кеңейту.
3)Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Алтын күз» жазуы бар қағаз, әр түрлі суреттер,баян аспабы, үнтаспа т.б.
Барысы:
«Саржайлау» әні ақырын орындалады.
І) Әнұранмен бастау. Балалар орындарынан тұрып бәрі бірге әнұранды айтып шығады.

Тәрбиеші: Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күзге нұр төгіп.

Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.

ІІ) Балалар біз сендермен жеміс-жидектерді, көкөністерді қай мезгілде жинап аламыз? «Алтын күз» ханшасын ортаға шақырайық, балалар!
-Амансыңдар ма,балалар! «Мен сендерге қонаққа келдім,сыйлық әкелдім.»Төрге шығып отырады.

-Ал енді сендер өздерің жаттаған тақпақтарыңды айтып беріңдер.
Амандасу
Амансың ба, алтын күн,
Амансың ба, жер ана!
Амансың ба, достарым,
Сендерді көрсем қуанам.

Айкерім
Күзде жауын,бұлт,тұман,
Сары жапырақ жауады!
Сары құйын ұйытқан,
Сапырады ауаны.

Айназ
Тапталады табанға,
Судыр-судыр жапырақ.
Өрттей сары бояуға,
Малынғандай атырап.

Назерке
Қайтқан құсты көрдің бе,
Қаптай ұшқан әуелеп.
Күткен күзім келдің бе,
Сыңсып бағың мәуелеп.
Малика
Қамба толды астыққа,
Алғыс саған,алтын күз!
Бір уыс дән шаштық та,
Қап-қап қауын алдық біз.
Батырхан
Сәбіз
Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген?
Мені жеген адамдар,
Кем болмайды күшке де!

Зухраб
Жүзім
Мен жүзіммін, жүзіммін,
Моншақ болып тізілдім.

Аружан
Өрік
Мен өрікпін,өрікпін,
Бау-бақшаға көрікпін.

Алишер
Шие
Мен шиемін,шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар,
Төмен басты иемін.

Рахат
Қарбыз
Теңбіл-теңбіл қарбызды,
Тентек Серік жарғызды.

Мөлдір
Қызанақ
Піскен кезде қызанақ,
Көз тартар қызыл түсімен.
Бар ма адам сүйсінбей,
Томат шырынын ішпеген?

Зарина
Алмұрт
Мен алмұртпын,алмұртпын,
Аузындамын бар жұрттың.

Айша.С
Алма
Мен алмамын,алмамын,
Таңдай жұлар бар дәмім.

Бейбарыс
Шалқан
Кім білмейді шалқанды,
Талайлар маған таң қалды.

Әбілмансұр
Пияз
Боламын мен дәмдеуіш,
Барлық-барлық тағамға.
Көкөністер ішінен,
Мен пайдалы адамға.

Мадина
Бұршақ
Кішкене түймедеймін мен,
Ұнаймын мен бәріне!
Дәмді тағамдарыммен,
Сый жасаймын бәріңе!

Дильназ
Қияр
Дәмім тілді үйірген,
Мен тұздалған күйімде.
Жаңа піскен кезімде,
Жейді бәрі сүйсіне.

Чингизхан
Жапырақ
Жазда тұрып жоғары,
Күзде жерге қонады.
Нұрбол
Күнбағыс

Күннен көзін алмайды,
Өзгемен ісі болмайды.

Айжан
Сәбіз
Жер бетінде шашы бар,
Жер астында басы бар.

Нұргүл
Күн
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.

- «Қара жорға» биі

-Ойын ойнайық балалар: «Картоп жинау» ойыны

- «Жапырақтар» биі қыздардың орындауында.

ІІІ) «Шалқан» орыс халық ертегісі.
Кейіпкерлер:
Олжас - Шалқан
Чингизхан - Ата
Айжан- Апа
Назерке - Қыз
Әбілмансұр – Күшік
Зарина – Мысық
Мөлдір – Тышқан
- «Күрең күз» вальс биі

ІҮ) «Балақан» әні –бәрі бірге хормен айтады.

Сергіту сәті:
«Ағаштар»
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел соғады.
Кіп-кішкене ағаштар,
Үлкен болып өседі.

«Ормандағы аю»
Ормандағы аюдың,
Теріп-теріп алайық,
Құлпынайы көп екен.

Ү) Хормен ән
«Біз өмірдің гүліміз»
Зеңгір көктен, нұрын төккен,
Ортақ біздің күніміз.
Жайнап өскен,жайнап өскен,
Біз өмірдің гүліміз.

ҮІ) Би «Шоқ қыздар» ұлдар билейді.

- «Құстар» әнін бәріміз бірге қосылып айтамыз.
- «Алтын үз» ханшасы балаларға сыйлығын таратып береді, рахметін айтып
қоштасады.
- Осымен «Алтын күз» мерекесі аяқталды, балалар сендерге көп рахмет!
...