0 дауыс
36.2k көрілді
Менің бетімде сепкіл көп.Соны қалай жоюға болады?
sekpil degen ne,,tusindiretyn adam barma?

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

 ОСЫДАН КӨРІҢІЗ

Беттегі секпіл және безеу, оны кетіру жолдары туралы кеңес

Биолог маман Зура Мейірханованың дәрігерлік кеңесін ұсынамыз.
Секпіл – терідегі дөңгелек не сопақша пішінді, ашық сары, қара қоңыр түсті дақ. Әдетте бетте, қолдың сыртқы жағында, иықта, арқа мен кеудеде болады. Кейде, әсіресе көктемгі және жазғы маусымда секпілдің көбейіп кететіні соншалық, олар бір-бірімен қосылып, тұтас  қоңырқай дақтарға айналады. Қыстыгүні  секпіл біржола жойылып кетпесе де, бұрынғысынан азая түседі. Жас ұлғая келе, көбінесе 30-дан асқан соң, секпіл өз-өзінен жоғалады. Секпілді біржолата жоюдың амалы жоқ. Дегенмен де алдын-ала жасалатын емдік шаралардың мәні зор.

Күн қыза бастағаннан (наурыз айының аяғында) кейін және күздің соңғы айларында көшеге шығар алдында бетке арнайы крем жағу керек.
Секпілдің дағын байқатпау үшін бетті қатықпен, ашыған айранмен сылап, сутегі асқын тотығының 3 проценттік ерітіндісімен сүрткен тиімді. 
Жазғы уақытта бетті лимонның немесе пісіп жетілмеген қарақаттың шырынымен сүрткен пайдалы. Секпілді түссіздендіру үшін «Мелан», «Ахромин» кремдерін пайдалануға болады. Бетті жақсылап тазалап алған соң кремді жағып, 40-60 минут ұстап, мақтамен сүртіп тастау керек. Бұдан кейін бетті жуудың қажеті жоқ. Бұл кремдерді күндіз көшеге шығарда жағуға және жүкті әйелдерге пайдалануға болмайды. 
Ал секпілді кетіру үшін емдік косметика кабинеттеріне барып көрінген жөн. 
Безеу – адамның терісіне шығатын бөртпе. Безеудің жас кезде шығатын қарапайым түрі мен ересек кезде шығатын қызғылтым түрі бар. Көбінесе баланың өсіп толысу кезінде (13-16 жаста), жүйкенің ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуынан бөрткен ретінде пайда болады.  Безеу сығып құртқаннан жазылмайды. Қайта өршіп көбейіп кетеді.  Оны тек дәрігердің нұсқауымен емдеу керек. Безеуі бар адамға көп майлы ет жеуге болмайды.  Қантты, балды, тағы басқа тәтті тағамдарды аз жеу керек.  Көбінесе, көкөніс, сүттен жасалған тағамдар жегені дұрыс. Ұйқысын қандырып, таза ауада серуендеп, спортпен шұғылдануға тиіс.

Секпілді кетіру

1. Пияздың, лимонның сөлін және асқа пайдаланатын сіркесуды (әрқайсысын 25 грамнан) бір ыдысқа құйып, араластырып, бетіңізге 25 рет маска жасаңыз.

2. Сутегінің 3 пайыздық тотығының 100 грамын 5 грамм мүсәтір спиртіне араластырып, бетіңізді ылғалдаңыз. 15 минуттан кейін тері ағартатын крем жағыңыз. 

3. Бір түйір лимонның сөліне 100 грамм бал араластырып, оны бетіңізге 1-5-10 мәрте жағыңыз. Содан соң жылы сумен шайып тастаңыз.

4. Осындай маска жасаумен қатар С дәруменін (20-30 күн бойы 1-1,5 грамнан) және РР дәруменін (никтоламид, никтотин қышқылы) күніне 3 түймедақтан қабылдаған жөн. (ИНТЕРНЕТТЕН АЛЫНДЫ)

Кунге коп шыкпау керек!!кияр жагу керек!!жемис жеу керек!айран ишу керек!кола пепси чепси ден бас тарт!болды!(https://surak.baribar.kz/175177/ ТАН АЛЫНДЫ)

ал безеуден қалай құтылса болады?
+2 дауыс
Укропты ыстық суға қайнатып,суытып қояды. Кейін бетті мақтамен сол укроптың суымен сүртеді.
шнымен кетеме екен?коп-коп рахмет
Кете мекен?
0 дауыс
Мен де бетімдегі секілді кетіргім келеді. Менің бет терім қаралау және селкіл бар.

Өтініш білетін маскаларболса жазыңыздаршы
0 дауыс
Сепкілді толық кетірмейді, бірақ көзге бадырайып көрінбейтіндей кішірейтеді деп оқығаным бар еді бір газеттен...

Өзіме жасап көрдім көмектесті, ол үшін артық шығынның да қәжеті жоқ...

Сізге, тек көк шәйға лимон салып ішесіз, шәй біткенде лимонды сырқып алып бетке жағып 10/15 мин жыллы сумен шайыңыз... осыны 1 ай бойы қайталасаңыз нәтижесіне көзіңіз жетеді...
0 дауыс
Секпіл бетке қолға т.б. жерге шығатын пигментті дақтар
...