Адам неге және не үшін есінейді?

+3 дауыс
7.4k қаралым
Адам неге және не үшін есінейді? Есінеген келіп-кетер пайда қандай?
• Санаты: Қызық сұрақтар | 7.4k қаралым

1 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап
Есінеу – ғалымдардың әлі де дәлелдеуін қажет ететін адам ағзасындағы өте жұмбақ құбылыс. Бізге нәрестенің құрсақта жатып-ақ есінейтіні белгілі. Ғаламда құстар да, сүтқоректі айуандар да, тіпті бақалар да есінейді екен. Сіздің ойыңызша, адам ұйқысы қанбағанда немесе зеріккенде есінейді ме? Жоқ, адамның есінеуіне бұлардың еш қатысы жоқ. Адамның ұйқысы келмей-ақ, бірнәрсе жайында уайымдағанда немесе қысылғанда есінеуі мүмкін» - дейді ұйқы жөніндегі медициналық орталықтың мамандары. Адам стресс кезінде есінеуі жиілейді екен. Ми көп жұмыс істегендіктен ондағы жүйке жүйелері бірден қарсылық танытып, есінеу арқылы мидың демалуына жағдай жасайды. Ауа жетіспегендіктен немесе орта ыстық болғандықтан да адам есінеуі мүмкін. Есінеу мидың ары қарай жақсы жұмыс істеуіне көмектесіп қана қоймай, жүйкені тыныштандырады. Сол үшін есінеуден қорғанудың ешқандай да қажеттілігі жоқ. Ақпарат http://massaget.kz/bastangy/Zdorove/839 осы жерден алынды.

Байланысқан сұрақтар табылмады

127,956 сұрақ
322,863 жауап
153,167 пікір
72,966 қолданушы