0 дауыс
560 көрілді
Азаматтар арасында қазақ тілімен сөйлесу қазіргі уақытта қандай деңгейде?

7 жауап

+2 дауыс
Біз қазіргі таңда қазақ тілінінің деңгейін нақты дүп басып айта алмаймыз. Азаматтар арасындағы рөлі сіз бен бізге байланысты. Егерде өзіміз қазақ тілінде таза сөйлеп жанымыздағаларға солай сөйлеуін айтып отырсақ беделі бүгінгі күнге қарағанда әсте жоғары болады. Тіл жайлы сөз қозғап қалдыңыз, ендеше алдағы уақытта шалақазақтықтан бірте-бірте арыларсыз деген ойдамын!
0 дауыс

Менің ойымша  төменгі деңгейде. Қазіргі таңда кез-келген қазақ азаматы немесе азаматшасымен сөйлессеңіз таза қазақ тілінде сөйлемейді, орыс тілін қоса сөйлейді. Шыны керек мен кейде қазақ әріптерін жазар кезімде есеме түсіре алмай ойланып қалатын кезім бар. Тітті осы сайтқа кірген кезде сұрақ қояр кезімде орыс сөзін қазақ тіліне аудара алмай қалам. КЕйде қазақтың кейбір сөздерінің мағынасын мүлдем білмеймін қаламын. Маған достарым ылғи СЕН ҚЫЗЫҚ СӨЙЛЕЙСІҢ депте күліп айтып жатады. Әрине мұның бәрі өзімнен шығар бәлкім?

0 дауыс
Қазақстан азаматтарының қазақ тілінде жақсы сөйлеу деңгейі жылдан жылға жақсарып келе жатыр. Әсіресе, Алматы қаласында.
0 дауыс
Жақсы деп айтуға болады, мысалы осы сайттағы 24000 адамның өзі неге тұрады, ал мұндай сайттар мыңдаған, әрі өмірде де солай.
+1 дауыс
Әр аймақта, әр қалада әр түрлі деңгейде болар, мысалы Атырау қаласында қоғамдық орындарда тек қана қазақша сөйлеу беруге болады (кез-келген ұлт қазақша түсінеді)
Дұрыс.+1
+1 дауыс
Менің ойымша батыста қазақша сөйлеу жақсы  дамыған, ал өзім тұратын Тдк көпшілік орысша сөйлейді. Солардың қатарында өзім де бармын)) Қазақша енді  үйреніп жатырмын)) Болашақта барлығы қазақша сөйлейді деген үміттемін!
0 дауыс
Жалпы орташа деңгейде деп ойлаймын,ал бізде,батыста жоғары деңгейде,Менің інілерім,қарындасым Алматыда студент,солар келгенде айтып келеді,Алматыда қоғамдық орындарда,маршруттарда бәрі орысша сөйлейді дейді,қазақтар қазақша сөйлеуге арланады дейді,Батыстың өзінде де тек Атырау мен Маңғыстауда қазақ тілінің мәртебесі жоғары,
...