Әр адамның жақтырмайтын дәмі не иісі болады. Көп адамдарға бензиннің иісі жақпайды. Олар алыс жол жүргенде жүректері айнып құсады. Олай болмауы үшін қалыңдау үлкен беторамалға цитрус не жалбыз иісі бар иіссу сеуіп, соны мұрынға басып отыру керек. Немесе жол жүрер алдында жалбыз қосылған көк шай ішу керек. Жалбыз иісі жүректің айнығанын басады.