+1 дауыс
2.5k көрілді
Баланы бастан деп айтатын бе едi?! Менiң кiшi iнiм өте жуас. Момын , ешнәрсеге қызықпайды. Басқалары сияқты ананы алып бер, мынаны алып бер деп айтқанын да байқамаппын. Үлкенге сөз қайтармайды, айтқанды екi етпейдi. Сабағы орташа , бiрақ оқыса бәрiне басы жетiп-ақ тұр. Жақсы қасиеттер емес пе?! Өзiмiзге ұнайды қатты. Бiрақ ертең үлкейiп үлкен өмiрге қадам басқанда не болады. Қазiргi заманда алғыр, епшiл, пысық болу керек. Әжем :- Оған аягы ауыр кезiнде анаң кесекке жерiк болған, содан өмiрге икемi жоқ ол баланың деп айтады. Бiрақ айта бередi әжем не болса соны. Iнiмдi қалай белсендi етiп тәрбиелесем болады? Қызығушылыгын арттырып, көзқарасын өзгертiп дегендей. Бiр жердi тесiп шығатындай етiп тәрбиелегiм келедi оны, бiрақ қалай? Ата анасы, аға -апкелерi барда ешкiмнен кем болмайды әрине. Бiрақ ешкiм мәңгi оның қасында журмейдi ғой. Ойымды толық жеткiзе алмай отырганым, бiрақ тусiнетiндер тусiнер.

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Мен ойыңды түсіндім. m.virus2013 айтқандай спортқа бер немесе музыка мектебіне домбыраға немесе пианиноға бер. Бірақ баланың ол мінезін өз ортасыда өзгерте алады. Кейбір балалар "өтпелі шаққа" дейін момын болып келіп, сол шақтан өткесін белсене бастайды. Кейбіреулері сол шаққа дейін белсенді болып келіп, сол шақтан кейін томаға тұйық болады. Негізі ініңіз өте тома тұйық ,момын болса би үйірмесіне бергеніңіз жөн. Көпшілік ортада көп болмаған кейбір балалар шеттен тыс ұялшақ болады. Сіздің ініңіз әлі кішкентай болса осылай белсенді етуге болады.
+2 дауыс
Көркем қыз! Жалпы педагогтар баланы туа салысымен тәрбиелей бастау керек дейді. Ал балалар мен жасөспірімдердің намысын оятса да, оларда еркектік мінез пайда болып, өзгере бастайды. Бұл жағдай көбіне өтпелі кезеңде болады. Ал інің жуасығынан құтылсын десең, спортқа бер.
...