0 дауыс
81.9k көрілді

Не үшін басқа сан емес? 7 саны туралы аңыздар бар ма?

Қадым замандардан бері Жер бетін мекендеп келе жатқан халықтардың көпшілігі жеті санында сиқырлы күш бар деп санаған. Оны кие тұтып, қастерлеген небір ұлттар да болды. Соның бірі – қазақ халқы. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелерін жеті санымен атап, ата заңдарына, салт-дәстүріне арқау етіп келеді.

Жеті ата. Бұл – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты-жөнін білуге міндетті. Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс. "Жеті атасын білмеген жетесіз" деген аталы сөзді өзіңіз де білетін боларсыз.

Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады. Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.

Жеті жұт. 1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу). 3. Өрт. 4. Оба (ауру). 5. Соғыс. 6. Топан су. 7. Зілзала (жер сілкіну).
Жеті жоқ. 1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллаһта бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ. 

Жеті қазына. Ол жөнінде пікір талас көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған: 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ілім-білім. 4. Жүйрік ат. 5. Құмай тазы. 6. Қыран бүркіт. 7. Берен мылтық.

Жеті жетім. 

Тыңдамаған сөз жетім.

Киюсіз тозған бөз жетім.

Иесіз қалған жер жетім.

Басшысы жоқ ел жетім.

Аққу, қазсыз көл жетім.

Жерінен айырылған ер жетім. 

Замандасы қалмаса –

Бәрінен де сол жетім.

Жеті ғашық. 1.Ләйлі – Мәжнүн, 2.Жүсіп – Зылиха, 3.Фархад – Шырын, 4.Тахир – Зухра, 5.Арзу – Қамбар, 6.Уәлик – Ғарра, 7.Уәки – Күлшаһ.

Әлем халықтарының жеті санына қонақ болып көрейік

Жеті – ең ерекше сандардың бірі. Неге екені белгісіз, тұла бойы ашылмаған құпияға толы сынды. Әлем халықтары оны қасиетті, тылсым, таңғажайып, бақыт пен сәттілік әкелетін сан деп баға береді.

Жеті Египетте мәңгілік өмірдің нышаны, Осирис құдайының саны. Сондай-ақ олар жеті планета бар деп санаған. Шумерліктердің Лугуланнемунду атты патшасы өз қаласында Нинту ғибадатханасын тұрғызған екен. Бұл ғимараттың жеті қақпасы және жеті есігі болған көрінеді. Және ғимарат құрылысы аяқталған соң, жеті рет дәріптеліп, жеті өгіз бен жеті қой құрбандыққа шалынған.

Жеті Ежелгі Грекияда Аполлон нышаны. Аполлон айдың жетінші жұлдызында дүниеге келген. Оның лирасының (музыкалық аспап) жеті ішегі болған екен.

Дінде де жеті санының орны ерекше. Мәселен, Аллаһ Тағаладан пенделеріне түскен қасиетті кітаптардың бірі – Тауратта жеті саны 500 рет қайталанады. Ислам дәстүрінде жұмақтың жеті қақпасы, тозақтың жеті баспалдағы, Қағбаны жеті рет айналу деген ұғымдар бар болса, христиандарда жеті – жаратылыстың нышаны болып саналады.

Жеті жазба, жеті ашу, жеті шырақ, жеті басты дәу, жеті нота, жеті батыр, аптаның жеті күні, жеті жел, жеті қат жердің асты, жеті таудың арғы жағы, жеті, жеті, жеті...

Соның бірі өлімге себепкер болатын жеті күнә: тамақсаулық, жалқаулық, нәпсіқұмарлық, өркөкіректік, ашу, қызғаншақтық және сараңдық. Теолог Фома Аквинский күнәһарларға ауыр жаза берілетін күнәлардың ішіндегі ең негізгілерін талдап, түсіндіріп жазып шыққан.

Ал сіз жеті саны туралы не білесіз?

Дереккөз

5 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Жеті күн - дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

Жеті қарақшы -  аспанның солтүстік жарты шарындағы  шоқ жұлдыз. Жеті қарақшының 7 жарық жұлдызының сыртқы  пішіні шөмішке ұқсайды. Темірқазық - осы шөміштің сабындағы соңғы және ең жарық  жұлдыз. Жеті қарақшының ең жақсы көретін мезгілдері - наурыз, сәуір айлары.

Жетісу - Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығыс  бөлігін қамтитын тарихи-географиялық аймақ. Тарихи деректемелер мен зерттеулерде  Жетісу атын құрайтын 7 өзен туралы түрліше болжам бар (Қазақ Совет энциклопедиясы, 4 т. 430 – бет).  Кейінгі болжам бойынша Жетісудың 7 өзеніне мыналарды жатқызады: Ақсу, Қаратал, Көксу, Лепсі, Іле, Шу, Тентек.

Жеті ру - Кіші жүз құрамындағы тайпа: Кердері, Тілеу, Жағалбайлы, Рамазан,  Табын, Тама және Керейіт рулары.

Жеті ата - әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.

Жеті қазынаға - Грек аңызды бойынша  оған  мыналарды  жатқызамыз: Күн, Жер, Ай,  Аспан, Су, От, Ит. Жеті  қазынаға байланысты аңыздар көп.

Жеті ғашық - Ләйлі - Мәжнүн,  Жүсіп-Зылиқа, Фархад-Шырын, Таһир-Зуһра, Ару-Қамбар, Уәлік-Фәррат, Әни – Күлшәт.

Жеті амал: Күннің тоқырауы, қарашаның қайтуы, үркердің батуы, мұздың қатуы, киіктің матауы, қыс тоқсан, Ай тоғысуы.

Жеті қат көктегі 7 саны  «жеті жұлдызға» сәйкес келеді.  Шығыс астрономиясы оларға Ай, Меркурий, Шолпан, Күн, Марс, Юпитер, Сатурнды жатқызады.

Жеті жетім: тыңдамаған сөз жетім,  киюсіз тозған тон жетім, иесіз қалған жер жетім, басшысы жоқ ел жетім, аққу-қазсыз көл жетім, елінен айрылған ер жетім, замандасы қалмаған қарт жетім.

Жеті ырыс - адамның ақыл-ой мен сана-сезімі, денсаулық, ақ жаулық, бала, көңіл, жер, ит.

Жеті жұт ағайынды - құрғақшылық, оба, мал жұтауы, өрт, соғыс, сел,  жер сілкінісі.

Әлемдегі жеті керемет - Мысыр пирамидалары, Галикернас сағанасы, Родос алыбы, Александрия шаңырағы, Эфестегі«Диена» ғибадатханасы, Олимпиядағы Зевс мүсіні, Семирамиданың аспалы  бағы.

Жеті жарғы - XVIII ғасырдың басында  Тәуке хан тұсындағы жазылған қазақтың  әдет-құқықтық жинағы. Онда жер дауы,  күң дауы, жан дауы, жесір дауы,  мүлік дауы және хандық пен билік мәселелері қамтылған.

Жетіген - қазақтың байырғы шертпелі  музыка  аспабы. Ертедегі  нүсқасы тұтас ағаштан астау  тәрізді  ойылып жасалған. Бетінде 7 қыл шегі бар. Содан жетіген аталған.

Имандағы жеті парыз - Алланың барлығына,  бірлігіне  сену, иман келтіру, періштелеріне сену, пайғамбарларына сену, ахирет күніне сену, жақсылық пен жамандықтың тағдырын Алладан деп сену, өлгеннен кейін қайта  тірілуге сену.

Шығыстағы жеті жұлдыздар - Омар һаям, Низами, Жәми, Науаи, Фердауси, Сағди және Фзули.

Жеті ғалам - 7 саны  негізгі  жеті  бағытты білдірген. Олар - дүниенің  төрт бұрышы: күн-шығыс, күн - батыс, түстік,  терістік, аспан - жоғарғы ғалам, жер асты – төменгі  ғалам.

Нота жеті дыбыстан тұрады: до, ре, ми, фа, соль, ля, си.

Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауидің кесенесіндегі  тайқазан жеті  түрлі металдан құйылған.

7 санына байланысты жер бетінде  жеті  нәрсе жоқ деген ел аузынан таралған пікірлер бар: құста сүт жоқ, жылқыда өт жоқ,көлде көпір жоқ, тамда белбеу жоқ, аспанда тіреу  жоқ,  тауда саты жоқ, таста тамыр жоқ.

Мұхаммед /с.ғ.с./ жетінші пайғамбар, жер асты жеті қабат, жеті тамшы су бір грамм, қазанның жетісін береді, жеті нан құдайы таратады, наурыз көже жеті түрлі тағамнан жасалады және баланың тісі жеті  жасында түсіп, сол жастан бастап мектепке бара бастайды. Мұсылман ғұрпында, түркі дүниесінде құдіретті  әрі киелі  саналатын жеті  саны  жөніндегі қысқаша пікір осылай.
рахмет!!!!!!!!!!
Ракмет! Он саны туралы бар ма? Керек болып тұр еді.
0 дауыс
Қазіргі өркениетті  елдердің халықтары арасында «13» санын әзірейілдей көрсететіндер әлі де баршылық.  Ал, көптеген халықтар,  әсіресе, мұсылман елдерінің халықтары,  соның ішінде қазақ халқы «7» санын киелі деп таныған. Аңыз бойынша  жер-жаһанда жеті  күн (біреулер жеті ай дейді) бойы  топан су қаптаған.  Тірі  қалған жеті адам болған. Олар: Нұх, Хам, Сам,  Жанас, Әшият; Айша, Ләйлә.  Бүгінде олардан тараған 6 миллиардтай халықтың 10 миллионнан астамы ғана қазақтар.

«Жеті жоқ жерде Аллада  бауыр жоқ, аққуда  сүт жоқ,  жылқыда өт жоқ», «Жеті жоқ жерде өлшем (өлшеуіш) жоқ», - делінген нақыл сөзде. Жеті санының киелік ұғымынан гөрі эмоциялық мәні жоғары. Әлемге әйгілі шығыс  жұлдыздары-ның атасы Әбу Насыр Мұхаммед Дархан би  ұзлақ ат - Түрки әл-Хаким әл-Мәшүр әл-Мұғаллим Сәни әл-Фараби         (Әбу Әли ибн Сина – Авицена) соңғы демі  таусылып бара  жатқанда  алты  дәріден шипа болмаған соң, «жетінші дәріні әкел», - деп киелі  жетінші  дәріден үміттенген екен. Сол сияқты, бүкіл батыс поэзиясының аспанында ай болып туған И.Гетенің шығыстың жеті жұлдызына қызыға қарап, ынтасын қоюы жайдан-жай болмас. «Парсылар өздерінің бес ғасыр ішіндегі барлық ақындарының атасынан жетеуін ғана  айырықша бөліп атаған. «Ал шындығына келсек, сол аталмай жүргендердің өздері де  анағұрлым артығырақ», - деген екен ұлы Гете. Түркі халықтарында жеті  ғашықтар туралы аңыздар бар. Олар: Ләйлі мен Мәжнүн,  Жүсіп-Зылика, Фархад-Шырын, Тахир-Зухра, Арзу-Қамбар, Уәлік-Ғарра, Уәки мен Гүлшах. Аталмыш жеті  сүйіспенділер сияқты  жетімдікті  де жетеуге  жеткізген. Ол: «Тыңдалмаған сөз жетім, қиюсыз қалған бөз жетім, иесіз қалған жер жетім, аққу-қазсыз көл жетім, басшысыз қалған ел жетім, аққу-қазсыз көл жетім, туған жерінен айрылған ер жетім». Сондай-ақ,  халық арасында  «Жұт - жеті ағайынды» дейді. Олар: қантөгіс, соғыс, өрт, оба кесел, зілзала (жер сілкініс),  құрғақшылық, мал жұтап ашаршылыққа тап болу. Қазақ халқында жетіге байланысты атаулар, нақыл сөздер көп. Киелі 7-ден өз баласына Жетібай деп ат қойған. Жетібай атынан әрі қарай жақсы  үмітпен бала аты: Қырықбай, Елубай, Алпысбай, Жетпісбай, Сексенбай, Тоқсанбай, Жүзбай және Мыңбай өрбіген. Сан әлемінде бұлардан басқа  адам аттары аз кездеседі. «Жеті жарық» (жеті планета), жеті ру ел, жеті қабат жер асты, жеті күн-жеті түн бел асып, бала жетіге  келгенше  жерден таяқ жейді, жеті шелпек (нан) құдайы, Тәуке ханның Жеті жарғысы, сияқты есепсіз  сөз тізбектері  тілімізде жиі  кездеседі. «Айдаса қойдың көсемі, сөйлесе қызыл тілдің шешені» демекші Қазтуған Сүйінішұлының «Жеті жұрты» бүгінде ел аузында. Олар: күйеудің, келіншектің жұрты, кіндік кесіліп қан тамған жұрт, бөтен елде тұрған жұрт (екінші жұрт) әулетті - әділетсіз қамауда болған жұрт және қара  жер тартқан соңғы жұрт. Киелі сандарға  халық 3-5-9-40 сандарын да қосады. Баланы 40 күн толған соң 40 қасық сумен  шомылдырып, қырқынан шығарады. Қызға қырық үйден тыйым, ертеде  қыз сүйген жігітіне орамал шетіне 7, немесе 9 түрлі нәрсені  түйіп беру әдеті,  марқұм болғандардың жетісін, қырқын,  жылдығын беру.

Ертедегі Вавилон мұнарасы жеті  қабат болып салынған. Осындай мұнаралар Римде жеті  төбенің  биік шоқысына  орналастырылған.  Будда  дін басы жеті түрлі жеміс беретін ағаш көлеңкесінде  отырған деседі қытай-тибет аңызы. Ертедегі гректер де әлемнің  жеті кереметі мен жеті  данышпанын сөз еткен.

Сондай-ақ, Исләм дінінің  бірінші  талабы бойынша жасы  жетіден асқан мұсылмандар үшін бес мәрте намаз оқу парыз. Тұрмысқа шығатын қазақ қыздарының сәукелесі жеті  нәрседен тұруы шарт.

Ақыртас жөніндегі аңыз бойынша, аса зор денелі де күшті құрылысшы кетпенімен жеті жерге тастаған тапырағынан жеті төбе  пайда болған. Ал, «Алпамыс батыр» эпосында Байбөрі мен Аналық бір бала  көтеру үшін дүниенің  жарымын аралап, жеті  әулиенің  зираттарына түнеп жүріп армандарына  жеткен...

Мейлі сен, мейлі сенбе,  бұл сандарда құпия  сыр жатыр. «Халық қалт айтпайтын» болуы керек...
0 дауыс
Жеті саны туралы мəліметтер көп.Бірақ мен ол туралы білмеймін
0 дауыс
Көп рахмет. Сіздер маған үлкен көмек көрсеттіңіздер. Жоба қорғауға мәліметтер керек еді. Осы жерден барлығын таптым. Үлкен рахмет. Құдайдан қайтсын.
0 дауыс
Жеті Нан {Грек тілінде-Шелпек,Бауырсақ} Мешітте жасалады. Құран оқып болғаннан кейін таратылатын нан! Автор: Black Yan
...