0 дауыс
4.0k көрілді
Тағдырға (судьба) сенесіз бе? Әлде әр адам өз болшағын өзі решатете ма?

5 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Адам баласы жалпы тағдырды толық әрі дәл түсіне алмайды. Өйткені тағдыр тақырыбы өте қиын әрі күрделі мәселе. Сондықтан әрбір адам тағдырға байланысты мәселелерді дін мамандарынан сұрап, осы тақырыпқа байланысты жазылған кітаптарды оқып түсіне алғанынша түсініп, ал түсінбей ақыл жеткізе алмаған мәселелерін Аллаһтың шексіз ілімі мен әділдігіне тапсырып, адамдармен бос дау-дамайға кірмегені жөн.

Адамға байланысты тағдырдың екі жағы бар: 1. Адамның еркінен тыс жағы, яғни адамның еркінен тыс Аллаһ Тағаланың қалауы. 2. Адамның қалауына байланысты жағы. 1-шісіне адамның ұлты, туылған жылы, жынысы, денінің сау яки ауру болып дүниеге келуі, бойының ұзын немесе қысқа болуы т.б жатады. Ал 2-шісіне ниетіміз, әр түрлі іс-әрекеттеріміз(күнә, сауап) т.б жатады.Яғни, біз күнә немесе ізгі іс істеуге мәжбүрленбейміз. Өйткені, бізде таңдау еркі бар.

Аллаһ Тағала біздің не істейтінімізді біледі. Бірақ, ол бізді сол істі істеуге мәжбүр етпейді. Мысалы, біз күннің шығу сағатын астрономия ғылымы арқылы алдын ала біліп, күнтізбеге жазып қоямыз. Уақыты жеткен мезетте күн шығады. Ал енді осы күннің шығуы біздің алдын ала есептеп білгеніміз үшін жүзеге асты ма? Жоқ, әлде сол уақытта шығатын болғаны үшін біз білеміз бе?
–1 дауыс
Адамның  болашағы өз  қолында. Тағдырға қатты сенбеймін
Қатты сенбеймін демеші Тек Өз амалыма байланысты деші
Белгісіз
+1 дауыс
Адам өмірге келгенде маңдайына тағдыр жазылады. Адамның тағдыры -Алланың шығармасы... Және маңдайға жазылған тағдырдан құтыла алмайсың. Ал адам өз болашағын жақсы н/е жаман жағына бұрам десе де барлығы өз қолында...
–1 дауыс
ЖОҚ! АМАЛ ТЕК ҚАНА !!!!!!!!!!!!!!!!
0 дауыс
Тағдырдан, пешене жазуынан ешқайда шығып кете алмағанмен де, өзіңнің жақсы әрекеттеріңмен оны нұрландыруға болады деп ойлаймын. Ал тағдырға сенемін.

Ұқсас сұрақтар

...